976

Астанада «Студент көктемі - 2013» ауқымды фестивалі аяқталды

Астанада қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен өткізілген ең ауқымды және қызықты фестиваль «Студент көктемі - 2013» аяқталды.

Астанада қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен өткізілген ең ауқымды және қызықты фестиваль «Студент көктемі - 2013» аяқталды.

Биылғы жылы «Студент көктемі - 2013» айырықша үлгіде өтіп, елорданың 15 жылдық мерейтойына арналды. Студенттер «Астана қаласының үздік командасы» Кубогы үшін бақ сынасты.

Басқарманың айтуынша, фестивальге 3000 жас курсант қатысты. Сахнада ретро композициялар мен халықаралық хиттар орындалды. Астананың жоғары оқу орындарының «Күлтегін» мен  «Аграрка» әзіл командалары көпшіліктің көңілін көтере білді.

Фестиваль кезінде қазақ эстрадасының жұздыздары Ерболат Құдайбергенов, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, жас орындаушылар Жан Сакс, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Жаңабай Өтегенов, Ибрагим Ескендір өнер көрсетіп, елорда жұртшылығына тосынсый жасады.

Шақырылған қонақтардың арасында жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі  Мұрат Әбенов, тағы басқалар болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Астана қаласының үздік командасы» атағын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы иеленіп, оларға көшпелі жастар Кубогы тапсырылды. Бірінші орын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті командасына; екінші орын Астана Медицина университеті командасына бұйырса; ал үшінші орынды «Тұран-Астана» университеті мен Экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті бөлісті. Ең үздік жанкүйерлер болып С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттері танылды. Барлық жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109