Пианист Ұлан Құлмәметов астаналықтарға фортепиано музыкасы концертін сыйлады
Астананың өркендеуі оның мәдени өмірін дамытумен тығыз байланысты. «Өнер мен мәдениет адамды бақытты етеді», - деп кезінде Михаил Барышников айтқан болатын. Кеше кешкілік Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Орган залында елорда тұрғындары халықаралық байқаулардың лауреаты пианист Ұлан Құлмәметовтың әлем классиктерінің музыка тіліндегі өшпес мұраларымен сусындады.
Ұлан Құлмәметов, пианист:
«Бүгін фортепиано музыкасының жеке концерті өтті. Мен Бетховеннің – 2-шы сонатасын, тағы да «Қоштасу», «Полонез» Шопеннің ля-бемоль мажоры, «Симфониялық этюдтер», Шуманның, Шопеннің «Ноктюрны» мен Листің «Мефисто вальсін» орындадым. Мен көбіне өзімнің жаныма жақын, көңіл күйімді көтеретін туындыларды орындауға тырысамын. Бұл концертте де солай болды».
Ұлан Құлмәметов – Петр Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның музыка тарихы мен қазіргі заман фортепиано өнерінің тенденциясын жете түсінуі бағдарламаға айырықша өң берді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz