1090

Мега жобаның негізгі мақсаты – татулық пен бірлік

Шығыс Қазақстан облысынан бастау алған мега жобаның маңызды кезеңі Алматы қаласының эстафетаны Астана қаласына беруі еді. Осы негізде Астана – Алматы қаласынан келген делегацияны салтанатпен қарсы алды.

Шығыс Қазақстан облысынан бастау алған мега жобаның маңызды кезеңі Алматы қаласының эстафетаны Астана қаласына беруі еді. Осы негізде Астана – Алматы қаласынан келген делегацияны салтанатпен қарсы алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы қарсаңында елордаға ат басын тіреген қонақтар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Осылайша салтанатпен басталған іс-шара «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы аясында өткізіліп, әрі қарай «Атамекен» Қазақстан картасы этно-меморалдық кешенінде жалғасын тапты. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы құрметіне 20 шырша көшеті отырғызылды.

Хасан Шарипов, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Қазақстан халық Ассамблеясының 20 сессиясына орай барлық ұлттар жиналып, «Отан қорғаушылар» монументіне гүл қойдық. Одан кейін барлығымыз Атамекен кешеніне шырша отырғыздық. Бұл достығымыздың нышаны болып қалады. Өйткені, бір шаңырақ астында тату тұрамыз, барлығымыз да Қазақстанның азаматтарымыз.

Ал, жоба аясында ұйымдастырылған негізгі іс-шара «Оқушылар сарайында» жалғасын тапты. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін қуанышпен қарсы алған оқушылар бейбітшілік символы ретінде көкке көгершін ұшырып, өз өнерлерін ортаға салды.

Қазақбай Қасымов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымдарының докторы:

Ассамблеяның бағыты ғасырлар қойнауынан келген дінімізді, тілімізді, әдебиет, мәдениетімізді жаңғырта жаңартып қолдана, жетілдіре сақтаумен қатар оны әрі қарай гүлдендіру. Ал, негізгі мақсаты – қоғамның белсенді біріктіруші саяси күші болуға қабілеттілігін көрсету. Мұны көрсете алады деп Елбасымыз өткен сессияда нақтылап айтты. Бүгінде 20 жыл ғана тарихы бар жас қазақ елі өз моделін адамзатқа мұрат ретінде әлем сахнасының жұртшылығына ұсынуы ол біз үшін таптырмас, баға жетпес ең қымбат қазына. 

Бүгінде елімізде 40-тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, 130 ұлт пен этникалық топ өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Әрбір ұлттың өзінің мәдени орталықтары, жексенбілік мектептері жұмыс істейді. Айта кетейік, 24 сәуірде Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтеді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109