908

Астананың Қазіргі заман өнері мұражайында 1957-2011 жылдары салынған картиналар көрмесі ашылды

Елордалық Қазіргі заман өнері мұражайында «Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі жұмысын бастады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Елордалық Қазіргі заман өнері мұражайында  «Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі жұмысын бастады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

«Экспозицияға 1957 мен 2011 жылдар аралығында Қазақстан, Беларус және Ресей суретшілері салған 19 полотно қойылды», - делінген хабарламада.

«Қазақстандық» жиынтықтан  белгілі қылқалам шеберлері Владимир Эйферттің  («Боран») және  Жаңатай Шарденовтың («Алматы қайыңдары») туындыларын көруге болады.

Сонымен қатар, көрмеде  келушілерге Ақмоланың байырғы суретшісі Михаил Гейдтың  «Тың игерушілер» (1977 жылы салынған) және Целиноград Суретшілер одағы бөлімшесінің белді мүшелері: Виктор Холуевтың («Алғашқы қар. Целиноград»), Алексей Тереховтың («Бораннан соң»), Иван Свитичтың («Шет жақ», «Иней», «Натюрморт.  Алғашқы қар»),  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Марат Тоқсайытовтың  («Күн батарда») картиналары ұсынылған.

Көрмені келесі: «ЭКСПО - Нью-Йорк - 2011» халықаралық  арт-байқауының лауреаты Төлеуғазы Байғалиевтың «Астана» («Фонари-1»), танымал павлодарлық суретші  Евгений Фридлиннің «Ай туды» («Түн»), алматылық суретші  Жамбыл  Натбаевтың  («Қыс») полотносы және жас суретші  Анар Әбжанованың  («Көңілсіз пейзаж») картиналар толықтырады.

«Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі мұражайда  3 наурызға дейін жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109