810

Тарихқа бойлаған қылқалам шебері

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында танымал кескіндемеші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі ашылды.

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында танымал кескіндемеші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман»  атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеде автордың мұражай қорында сақталған бұрынғы жұмыстарымен қатар әр жылдарда жарық көрген еңбектері көрініс тапқан.

Қазақбай Әжібекұлы, кескіндемеші:

Көрменің тақырыбы Астана қаласына арналған. ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы ашылғаннан бері арамызда мықты шығармашылық байланыс орнаған. Бүгін сол мұражай қорындағы, одан кейінгі туындыларымды қосып, бір көрме өткізіп жатқан жайым бар.

Қазақбай Әжібекұлы шебер қылқалам шебері  ғана емес, ол мықты монументалист те. Оның шығармаларының басты тақырыбы – тарихи мұра, ұлы тұлғалар мен тарихи елеулі оқиғалар.

Қалиолла Ахметжан, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі:

Біріншіден, Қазақбай Әжібекұлы еңбектерінде түстерге өте жақсы мән беретінін баса айтқым келеді.  Өзі бейнелейтін бейнелерді болсын, заттарды болсын, бәрін үйлесімді орналастырып, өзінің басты идеясына бағындырып, тақырыпты аша түсуге көмектеседі.

Өнертанушылар суретшінің шығармашылығына «этноромантикалық» стиль деп баға берген. Сондай-ақ,  ол туындыларында тұрмыстық жанрды арқау етсе де, кейіпкерлерінің психологиясын ашып көрсетпей, көркем бейнелеріне көз алмай қарата алуымен ерекшеленеді.

Валентин Пак, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі:

Көрмеге қойылған картиналардың басым көпшілігі бұрынғы туындылар. Десе де, шығармашылығының қалай өрбігенін айқын аңғару қиын емес. Қазақбай Әжібекұлы ерте ғасырларда өмір сүрген қазақтардың бейнесін поэтикалық тілмен бейнелейді. Кейіпкерлерінің мінез-құлқын, психологиясын ашып көрсетпей, дәл сол кездегі көңіл-күйін ғана шебер жеткізе біледі.

Қазақбай Әжібекұлы Целиноград  ауданы, Бестамақ ауылында дүниеге келген. Отбасында жеті ағайынды. Бүгінде сол бауырларының арасында өнерге бет бұрғаны өзі ғана.

Аягөз Әжібекқызы, кескіндемешінің қарындасы:

Қазақбай 5-сыныптан өнерге бет бұрды. Содан бастап біздің ортамыздан бөлектеу өсті. Үйіне бара қалсақ, үнемі жұмыс істеп жатады. Оған ешқандай кедергі келтірмей, ойын бөлмеуге тырысамыз.

Айта кетейік, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін жылдар бойы кескіндеп келе жатқан өнер иесінің көрмесі 2013 жылдың 18 наурызына дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109