Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

516

Автобуста жолаушылар көбіне қолғабы мен чемоданын ұмыт қалдырады

109 номеріне күніне заттарын жоғалтып алғаны туралы кем дегенде 6-8 хабарлама келіп түседі. Адамдар ақшасын, картасын, қолғабын, көзілдірігін, музыкалық аспаптарын тіпті чемодандарын да ұмыт қалдырып жатады. Затыңыз жоғалған кезде не істеу қажет және басқа да қызықты оқиғалар туралы Астана әкімдігінің ресми сайтының материалынан оқисыздар. 

Күніне орта есеппен 109 қызметіне және телеграмм чатына 6-8 хабарлама келіп түседі. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері бұл көрсеткіш айтарлықтай көбейе түседі. Адамдар қолғаптан бастап көзілдірік, несие картасы мен музыкалық аспап, чемоданға дейін, тіпті қомақты ақшасын да ұмыт қалдырып жатады. Мамандар көбіне жоғалудың «маусымға» қатысты себебі барын да айтуда.
«Мысалы қыста немесе күзде адамдар шарфын, бас киімін, қолғабын ұмытса, жазда – қолшатыр, сөмке, құлаққап, көзілдірігін ұмытады. Керек десеңіз, несие картасын, спорт сөмкесін, құжат салынған пакетті де ұмыту рейтингтің алғашқы қатарында тұр. Әсіресе балалар ұмытшақ келеді. Олар мектеп сөмкесін, добын тастап кете салады. Сосын бізге ата-аналар хабарласып, келіп алып кетеді. Балалар сонымен бірге музыкалық аспабын немесе спорттық заттарын, кейде сөмкеге салынған тамақтарын да ұмытып кететіні жиі кездеседі», - дейді «Астана LRT» өкілдері.

iKomek қызметі егер затыңызды жоғалтқан жағдайда бірден 109 номеріне хабарласуыңыз керек болмаса Telegram немесе Facebook чат-ботына хабарласқаныңыз жөн деп түсіндіреді. Жолаушы ертерек хабарласса, жоғалған зат та тезірек табылуы мүмкін. Ол үшін автобустың бағыт номерін, жүрген уақытын айту қажет. Мамандар автопаркпен байланысқа шығып, заттың жоғалғаны туралы кондукторға ескертеді.
«Қолдау қызметіне неғұрлым ертерек хабарлассаңыз соғұрлым жоғалған затыңыз ертерек табылады. Арнайы қызметке дер кезінде хабарласу, яғни жарты сағат не екі сағаттың ішінде болса, онда заттар көбіне табылып жатады. Жоғалған затыңызды сол автобустың жүргізушісінен немесе асығыс болмасаңыз автопарктің диспетчерлік қызметінен келіп алып кетуге болады», - дейді қалалық iKomek Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының баспасөз хатшысы Махаббат Рахимова.
Автопарк дичпетчерлерінің есінде талай оқиғалар қалды - құжат салынған папкаларда есеп жоқ және ломбардқа барып алған ірі көлемдегі ақшаларды да тауып алған.
«Бірде бір ер азамат техпаспорты мен көлік куәлігін жоғалтып алады. Біз оны тауып алдық та, сақтап қойдық. Ер азаматпен байланыстық, сөйтсе ол жаңасын жасатып үлгеріпті, бірақ аздаған уақыттан соң оны да жоғалтып алған. Бізге келіп жоғалтқан құжаттарын келіп алып кетті», - деді «AstanaLRT» қызметкері өткен оқиғаларды есіне түсіріп.

Айт кетейік, 2018 жылдың маусым-шілде айларында 94 өтініш түскен, оның 90% иелеріне қайтарылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109