Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1047

Қаладағы өрттің жартысына жуығы тұрғын үй секторына тиесілі

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 8 айында Астана қаласы бойынша 401 өрт тіркелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендеген. Өрттен 8 адам (2017 ж – 10 адам) оның ішінде 1 бала қайтыс болған. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М. Қайсановтың айтуынша, өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында болады.

Биыл 8 айда 187 оқиға (өрттің жалпы санынан 47%) тіркелген. Оның 65%-ы жер үйлерде болып отыр. Жылыту маусымы басталысымен, жеке тұрғын үйлерде өрттің көбеюі және улы газбен улану жағдайлары арта түсті. 8 айда 27 адам улы газбен уланған, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48% төмендеген (2017ж – 52 адам уланған). Улы газбен уланудың 22 оқиғасы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан туындаған, 4 жағдай пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан болды, ал 1 факт өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағандықтан шықты. Улы газбен уланудың барлық фактілері азаматтардың жылыту қондырғыларына немқұрайлы қарауына байланысты болады.
Сонымен бірге, үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін көбінесе қолдан жасалған жылытқыштарды қолданған, ол өз кезегінде баспанаға ғана емес адам өміріне де қауіп төндіреді.

«Жыл сайын күзде күн суытысымен және жылыту маусымы басталмас бұрын өрт қауіпсіздік айлығы жүргізіледі, рейд кезінде департамент қызметкерлері аулаларды аралап үгіт-профилактикалық жұмыстарын күшейтеді. Жыл басынан бері 18370 тұрғын сектордағы үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 198 кездесу өткізілді, осы шарада 5419 адам қамтылды, сонымен қатар 7570 адамды қамти отырып 256 нұсқаулықтар жүргізілді. 12414 адамның қатысуымен 422 дәрістер өткізілді», - деді Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Қ. Нұрғазинов.

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
Үй ауласындағы аумақтарды таза ұстау, қоқыстар мен қалдықтарды жақпау, шоқ пен күлді құрылысқа жақын төкпеу; ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбау, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмау; жыл бойына кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен тұрбаны күлдеу; жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмау; заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109