Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

724

Қазақстандық велошабандоздар шеруі Парижде аяқталды

«Шектеусіз мүмкіндіктер әлемі!» ұранымен бастау алған зағип және нашар көретін велошабандоздар шеруі Франция астанасында аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

4 тамыз күні Астанадан бастау алған веломарафон 36 күнде әлемнің екі шетін байланыстырды. Жобаны насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында ірі 11 қалада қоғам өкілдерімен, ерекше қажеттілігі бар адамдармен, спортшылар кездесу өткізген. Отандастарымыз «Спорт без границ» әлеуметтік жобасы арқылы өздерінің рухтарының мықты екендігін көрсетті.

Шеруге қатысушы 17 адам 6 ел мен 30 қаланы басып өтті, олардың қатарында Мәскеу, Минск, Варшава, Берлин, Франкфурт-на-Майне және т. б. ірі қалалар бар.

Велошабандоздарды мәре сызығында қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, қазақстандық диаспора өкілдері мен студент жастар, Париж қаласы 8-ші өңірінің мэрі Жанна д ' Отсэр, бұрынғы кәсіби велосипедші Ален Нери және басқалар қарсы алды.

«Спорт Без Границ» жобасының жетекшісі, команда капитаны Бахтияр Базарбеков өз атынан және команда атынан қалалық «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесіне және барлық демеушілер мен қолдаушыларға алғысын білдірді.

Веломарафон мотивациялық платформа. Бұл әлем бойынша ерекше жоба, мүгедек жандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша және тең деңгейде өмір сүруіне мүмкіндік жасау.

Осы бастама арқылы отандастарымыз мүгедектігі бар жандардың спортпен шұғылдануына қолайлы орта жасауға, паралимпиадалық спорт түрлерін насихаттау, салауатты және жағымды өмір салтын, жастарға патриоттық тәрбие беру, басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған.

Айта кетейік, веломарафон «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 4 тамыз күні Елордадан бастау алған болатын. Іс-шараны «Анашым» мүгедек балалар мен жастарды қолдау қоры, «Ел Тірегі» шағын және орта бизнес қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109