4340

Алматы облысындағы Астана күндері

Елордалық артистердің еліміздің бас қаласының 20 жылдығының құрметіне Қазақстанның қалалары бойынша үлкен гастрольдік туры жалғасуда. 16 қыркүйекте Астананың күндері Талдықорғанда басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Кешке музыка өнерін бағалаушылар үшін нағыз тосын сый жасалады – Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «Ұлы дала әуендері» атты концерті. Бағдарлама аясында Шуберттің, Гайднның, Бродиннің, Жұбановтың, Жайымовтың, Тәттімбет пен Құрманғазының шығармалары орындалады. Концерт сағат 19.00-де басталады.

Келесі күні осы залда Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымдарының қатысуымен «Астанадан ақ тілек» концерт өтеді. Атап айтқанда, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, эстрадалық би, «Шалқыма» би ансамбльдері, сондай-ақ классикалық, эстрадалық вокал және халық ән бөлімі солистері өз өнерлерін көрсетеді.

18 қыркүйек күні сағат 19.00-де Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі және халық ән бөлімі солистерінің қатысуымен «Жыр атасы – Қабан жырау» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылады.

Екі күннің ішінде Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының сахнасында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артистері өз қойылымдарын көрсетеді. Репертуар ересектерді де, балаларды да қуантады.

18 қыркүйек 19:00-де көрермендер тариxтағы әйгілі Парсы ханы Кир мен сақтардың шайқасын тамашалай алады. Қазақ xандығының құрылуына 550 жыл толуына арналған қойылым нәзік жанды, төзімді әйел және өз xалқының азаттығы үшін бәріне дайын ержүрек жауынгер-ана Томирис патшайым жайында баяндайды. Драманың қоюшы режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Тарлан" премиясының лауреаты Гүлсина Мерғалиева; қоюшы-суретші - Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов.

Астаналықтар жас көрерменге А. Анатольевтің «Снежная королева» ертегісін көрсетеді. Ганс Христиан Андерсен жазған ертегідегідей батыл Герда бауыры Кайды жауыз сиқыршыдан құтқару үшін көп сыннан өтеді. Басталуы 19 қыркүйек сағат 11.00.

Соңғы гастрольдік кеште Горький театрының өкілдері талдықорғандықтардың назарына К. Людвигтің «Примадонны» комедиясын ұсынады. ҚР Еңбек сіңірген әртісі, режиссер Бекпулат Пармановтың және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымы байлар әлемінің құпиялары мен шытырманы жайлы әңгімелейді.

Үш күн бойы Көркемсурет галереясында таңғы сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі жұмыс істейді. Экспозицияға отандық суретшілердің 100-ден аса туындысы шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109