3649

Мәслихат депутаты Қарақат Әбден оқушы қыздардың мектеп пен киноға шолпы тағып келуіне және де ұзын бұрымды сәнге енгізулерін ұсынды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Отбасы күні» мерекесі шеңберінде 12-ден 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасыдан, балалар үйінен шыққан 300 оқушы қыз және де «Қазақ қызы» институтының тәрбиеленушілері астананың құрметті қонақтарымен бірлесіп, жыл сайын өтетін «Ұмытылған ұлт дәстүрлері» шарасына қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімдігінің, ҚР ПРезиденті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылыққа тәрбиелеу институтының ашық аумағында жыл сайын өтетін «Ұмытылған ұлт дәстүрлері» шарасы болды. Оған педагогтар, танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып шеберлік сыныптарын өткізіп, ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жаңғыртуға бағытталған ғұрыптарды көрсетті.

«Қазақ қызы» инабаттылық институтының қабырғасында оқушы қыздар мен қонақтарға арналған салт-дәстүрдің көрсетілімі қойылды. Оның ішінде – «мүше тарту», «шолпы тағу», «құлақ тесу» рәсімі, «үлпершек», «жау жүрек» сияқты ескі ұлттық тағамдарды дайындаудан шеберлік сыныптары көрсетілді. Өз кезегінде институт тәрбиеленушілері «құрақ көрпе тігу», «кілем тоқу» дәрісінен өздерінің шеберліктерін көрсетті.

«Шолпы тағу» мастер-класында астана оқушыларына өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұзын бұрымды сақтаудың ұлттық салт-дәстүрлік құпиясы ашылды. Әдемі шолпы тағылған ұзын шашты паш ету кезінде, қазіргі заманауи күнделікті киіммен үйлестіріп, өткен мен қазіргіні, әдет-ғұрып пен жаһандануды сәтті түрде байланыстыруға болатынына көз жеткізді. Бұрымы ең ұзын қыздар «Қазақ қызы» ҚБ президенті, «Қазақ қызы институты» жобасының авторы Қарақат Әбденнің қолынан бағалы сыйлықтар алды.

Оның айтуынша, негізгі мақсат – ұлттық салт-дәстүрді сән әлеміне енгізіп дәріптеу, яғни оқушы қыздардың ұзын шаштарына шолпы тағып трендке айналдыру. Қыздар Наурыз мерекесінде ғана емес, күнделікті киетін джинси мен футболкасымен бірге қолаң шашына шолпы тағып мектепке, киноға мақтанышпен барса дейді. Бұл қыздарды тәрбиелеудің ұлттық ерекшелікті сақтауына, қазақ халқының бай да әдемі мәдениетіне оң әсерін тигізеді.

«Мен әрдайым халқымыздың тарихына және біздің мәдениетімізге қызығатынмын. Ал мұндай қызығушылық мен үшін көптеген жаңа әрі қызықты дүниелерді аша түседі. Басшылыққа үлкен алғыс, сыйлық үшін оқудың мүмкіндігін берді. Бұл мен үшін түрлі тілдегі кітаптарды оқып шығуға уақыт бөлудің жаңа мүмкіндігі», - дейді балалар үйінің тәрбиеленушісі Анастасия өзінің әсерімен бөлісіп.

Бұдан басқа, балалар үйінің тәрбиеленуші қыздарына арналған ұлттық «құлақ тесу» салты өткізілді. 14 қыздың құлағына ұлттық нақыштағы сырға салынды және Сенат пен Мәжіліс депутаттарының қатарындағы танымал әйелдер мен ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиядағы 14 әйел қыздарға планшетті сыйға тартты.

Ортаға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова, сенатор, балалар құқығы жөнінде омбудсмен Сәуле Айтпаева да шығып, қыздарға ақ тілегін білдіріп, есткерткіш сыйлықтарын табыс етті.

«Бүгін біз қыздарымызға тек қана сырға емес, білімдерін кеңейту үшін кітап пен планшет сыйға тарту етпекпіз. Осы арқылы біз оларға бір жағынан салт-дәстүрді ұстана отырып, қазіргі заманауи үлгімен де қатар жүре беруге болатынын көрсеттік. Егер осы екеуі де бір адамның бойынан үйлесім тапса, оған табыс келеді», - деді өзінің сөзінде Сәуле Айтпаева.

Айта кетейік, диалог алаңында құрметті қонақтар, Аналар кеңесінің өкілдері сенімді, шынайы, ашық атмосферада оқушы қыздармен әйелдер қауымдастығындағы ең өзекті мәселелерді талқылай алды: яғни ана болудың маңыздылығы, отбасы құндылығы, отбасында әйел-ананың ұлттық дәстүрді жалғастырудағы ролі, білімнің артықшылығы, рухани құндылықтар мен басқа да ана атанудың шебері және т.б.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109