2837

Мүмкіндігі шектеулі жандар қай салаларда жұмыс жасағысы келеді

Қазіргі күні Астанада 200 жуық мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылған. Бұл дегеніміз Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген қаладағы барлық кембағал жандардың 50%, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандардан 456-дан астам өтініш түскен. Ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет, өнер және мәдениет, көтерме және бөлшек сауда, құрылыс және өнеркәсіп салаларына қатысты мамандықтар. Көлік, ақпарат және байланыс, сондай-ақ мемлекеттік басқару салалары сұранысқа қатты ие болмаған.

«Егер өзі қалаған мамандық бойынша жұмысқа тұруға қажетті біліктілік дәрежесі болмаса біз онда біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыратын боламыз. Біліктілікті арттыру курсын аяқтаған сон ол адам сертификат алады және сол сертификат арқылы жұмысқа тұра алады. Егер ол адамда диплом немесе бірде бір біліктілігін арттырғандығы туралы сертификаты болмаса онда біз ол адамға «Атамекен» ҰКП қолдауымен жаңа кәсіп меңгеруге «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан өткіземіз. Курсты аяқтаған соң ол өзінің жеке кәсібін аша алады және адамдарға жұмыс ұсына алады», - дейді Астана қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Роза Байсалбаева.

«Көптеген мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалуда. Мысалы, сал ауруына шалдыққан немесе гемодиализі бар адамдар жұмысқа келе алмайды. Сол себепті де оларға қашықтықтан жұмыс жасауға мүмкіндік беретін арнайы келісімшарт жасалады да барлық салық, арнайы төлемдер заңға сай жүреді», - деді Роза Байсалбаева.

Айта кетейік, Жұмыспен қамту орталығына өтініш беру үшін төменде көрсетілген құжаттар керек: жеке куәлігі, жергілікті тіркелгендігі туралы анықтама, медициналық-сараптама комиссиясы берген мүгедектік туралы анықтамасы, сондай-ақ осы адамға мүгедектік дәрежесіне байланысты ұсынылған жұмыс тізбесі, Ұсынылған жұмыстардың тізімі ұсынылған медициналық қорытындыға сәйкес жасалады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109