3427

Астанада жалпы еңбек өтілі 136 жылды құрайтын еңбек әулетіне құрмет көрсетілді

Бүгін қаламызда Еңбек күні мемлекеттік мерекесі аталып өтті. Таңертеңнен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттауға қала тұрғындары мен қонақтары жиналды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, байқауға қатысушылар үш аталым бойынша іріктелді: «Ең үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша Рахимберлин отбасы жеңіске жетті, олардың жалпы педагогикалық өтілі 136 жыл; «Жастармен жұмыс істейтін үздік тәлімгер» аталымы бойынша бірінші орынды Сәуле Ташкина алды, ол «Биком-инжиниринг» компаниясында бас сәулетшісі болып жұмыс істейді; «Өндірістің ең үздік жас жұмыскері» аталымы бойынша Астана қалаласы Жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болып жұмыс істейтін Данияр Байжанов жеңіске жетті.  

Сонымен қатар, «Көрерменнің көзайымы» аталымы бойынша Астана қаласының Бас онкологы, «Астана Медицина университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мұхтар Төлеутаев жеңіске жетті.

«Жастармен жұмыс жасау бір ғанибет, олар біздің болашағымыз, бастысы оларға өзіміздің шеберлігімізді көрсету, ары қарай олар алып кетеді. Көпшіліктің мен үшін дауыс бергеніне қуаныштымын және жеңіске жеткеніме қуаныштымын», - деп өз ойымен бөлісті С.Ташкина.

Іс-шарада жеңімпаздар мен қонақтар құрметіне арналып концерт өтті. Онда Астана қаласының үздік ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.

Еске сала кетейік, «Еңбек жолы» байқауы осы жылдың маусым айында бастау алған болатын. Жеңімпаздар онлайн-дауыс беру және конкурстық комиссияның шешімімен айқындалған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109