3177

«Отбасылық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» атты тренинг өтті

Бүгін Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Отбасылық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» атты семинар-тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара ел Президентінің «Рухани жаңғыру» идеясын қолдау, отбасы институтын дамыту, Астанада шаңырақ көтеріп, өсіп-өнген жанұялардың табысты жолын дәріптеу, отбасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, балаларымызды батыр бабаларымыздың рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Абайтанушы ғалым, филолог Омар Жәлелұлы жиналған жұртшылыққа қазақ отбасындағы әкенің, ананың орны, отбасылық бақыт, шаңырақ шаттығы мен берекеті туралы айтты.

Тренингтің мақсаты - еліміздегі жас отбасылардың аяғынан тұрып, өз алдына үлкен шаңыраққа айналуы үшін, отбасы құруда басты назарда ұстауы тиіс қағидалар жайлы айту.

«Қазіргі қоғамдағы жас отбасылардың негізгі мәселесі ақыреттік сананы бойларына сіңірмегендігі. Оның ішінде ер азаматтарымыздың соны жетік түсінбеуі. Яғни, қыз бала тұрмысқа шыққанша әкесінің мойнында, тұрмыс құрған соң жолдасы, құдай қосқан серігінің мойнына түседі. Яғни, ер азамат толығымен Құдай алдында да, ел алдында да отбасына жауапты», дейді Омар Жәлелұлы.

Семинар-тренингте отбасындағы əке мен ананың рөлі, үлгілі əке болу, алғыр ұрпақты қалай тəрбиелеуге болады, бала бойындағы ашылмаған талантты қалай ерте анықтай аламыз, отбасындағы ері мен əйелінің орны тағы басқа маңызды аспектілер талқыланды.

Сонымен қатар, Омар Жәлелұлы жастарға қазақ отбасындағы тəрбиенің ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтып береді.

«Қазіргі кезде адамдар ұялуды қойды. Ұят деген не?! Ұят – жанның сипаты. Қазақ бір ғана «ұят болады» деген сөзбен-ақ бар ұрпағын тәрбиелеген. «Біреудің ала жібін аттама ұят болады» дейді. Міне ғасырдан ғасырға үзілмей жеткен бала тәрбиесіндегі басты ұстаным осы – ұят», дейді ол.

Шараға қаламыздағы жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен ұстаздар қауымы қатысты.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109