2343

«Астана» командасы қарсыласымен тең түсті

20 қыркүйекте Украина астанасында Еуропа лигасының бірінші топтық матч кезеңі болып өтті. Біріншілік үшін киевтік «Динамо» футболшылары мен «Астана» командасы тайталасты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. «Астана» командасының жанкүйерлері өз футболшылары үшін соңғы секундтарға дейін сенім артып, ойын барысында қызу қолдап отырды. 70 000 көрермен сыйып кететін «Олимпийский» спорт кешеніндегі кейбір сәттерде жергілікті динамолық фанаттардан гөрі «Астана» жанкүйерлері көп сияқты әсер қалдырды. Ал олардың саны небары 200 шақты.

Олардың бәрі де Астанадан Украинаға бір-ақ мақсатпен барды, өздерінің сүйікті командасына қолдау көрсетіп, жанкүйер болу. Барғандары зая кетпеді. Матч қызықты әрі тартысты өтті.

11 минутта жартылай қорғаушы Ю. Цыганков украин командасын алға алып шықты, бірақ артынша он минуттан кейін «Астана» да есеп басын теңестірді. Қақпаға голды босниялық легионер М. Аничич салды. Бірақ соңғы сәттерде алаң иелері тағы да алға басып шықты. Қақпашы Ирич қателік жіберді және «Динамоның» жартылай қорғаушысы Д. Гармаш дегеніне жетіп, гол салды. Екінші таймда астаналықтар үздіксіз шабуылдаумен болды және осы еңбектері текке кеткен жоқ. Ойыншыларды алмастыруға шыққан Р. Муртазаев арбитр қосып берген уақыт ішінде допты баспен ұрып, команданы жеңілістен сақтап қалды. «Астананың» келесі матчы 4 қазанда өтеді, астаналық футболшылар француздық «Ренн» командасымен кездеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15243

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109