4240

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

Бүгін Жастар сарайында қала тұрғындары үшін заң тұрғысынан тегін кеңестер берілді.  Бұл республикалық акция Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «MEDIATOR KZ» компаниясы өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – халықты құқықтық тұрғыда ағарту.

«Осындай шаралар халыққа өте керек. Бастысы адам өз құқығын білуі тиіс. Заңды білмеген соң адамдар көп қателік жасайды, өз құқығын да қорғай алмайды, сол себепті осындай шаралар өте қажет. Адам қандай да бір істі немесе тағы басқа дүниені жүзеге асырмас бұрын мамандармен кеңесуі керек. Мысалы, заңдылық жағынан болса, міндетті түрде заңгермен», - деді республикалық акцияны ұйымдастырушы, «MEDIATOR KZ» компаниясының заңгері Қазбек Нұрмағанбетов. 

Тиісті мамандар үлестік құрылыс, жер мәселесі, отбасылық заңнама және азаматтық құқықтың басқа да салалары бойынша әр келушіні жеке-жеке қабылдап кеңес берді.  Іс-шараға «MEDIATOR KZ», «Bestavdocat» компанияларының сондай-ақ, Көкшетау, Теміртау және Есіл ауданынан арнайы шақырылған заңгерлер қатысты.

«Мұндай тәжірибелер жиі өткізіледі. Әкімдік әрқашан бізді қолдап отырады. Бұл жерде мақсат пайда табу емес, тұрғындарға өз құқықтарын білу бойынша кеңес беру, елді заң жағынан сауатты ету. Көбінесе адамдар өз құқықтарын білмей жатады, сол себепті де өздерін қорғай алмайды», - деп атап өтті «MEDIATOR KZ» компаниясының заңгері Мақпал Оразғалиева.

Заңгерлердің айтуынша, адамдар көбінесе тұрғын үй және отбасылық істер бойынша кеңес алады. Экономикалық жағдай бойынша өтініштер көбінесе борыштық және еңбек мәселелеріне тиесілі.  Сондай-ақ, мұраны қалдыру немесе мұраны алу бойынша кеңес алуға келеді екен.

«Бүгінгі қабылдауға өте разымын,  жылы қарсы алды, менің бар сұрағыма жауап берді. Мен өзімше, қай сұрақты қалай шешетінімді іштей шешіп алдым. Ақыл-кеңес заң тұрғысынан болған сияқты еді, бірақ былай қарап тұрсам психологиялық тұрғыда да болыпты. Сіз білесіз ғой, әр кәсіби маман бір жағынан – психолог. Мен бұл акцияны құптаймын, жиі болып тұрса да артық етпейді», - деп өз ойымен бөлісті шараға келуші.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109