4918

«Ашық болсаң бизнесің алға басады» – Аслан Қанатов

Ашықтық, коммуникацияға дайындық бизнестің дамуына ықпал етеді, деді «Астана Бастау. Бизнес территориясы» инвестиция және кәсіпкерлер форумында Қазақстандағы ораторлық шеберлік бойынша маман Аслан Қанатов, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бизнес иесі мен басшылардың көбінесе «кабинетінде» тығылып отыратын әдеті бар. Егер адамдар саған сенім артсын десең, сен ашылып, олармен сөйлесуің керек. Бұл жұмысшылардың басшылықпен қарым-қатынасына да әсер етеді, егер сенің есігің үнемі жабық, тіпті хатшы арқылы да кіре алмаса, онда коммуникациялық канал құру қиын. Алайда сен адамдарға өзің барып, сұрап, мақтап, шабыт берсең, олай істе деп бұйрық берудің орнына өздерімен ақылдассаң бизнесің алға басады. Ол үшін сөйлесе алу, коммуникация жасай білу керек. Өзіңді ұсына білу маңызды. Қазір әлемде бизнес тек ашық болған кезде ғана алға өрлейтін сәт туды. Сол кезде сатылым да, оны тұтыну қызметі де өсе түседі», - деді ол сенімді түрде.

Естеріңізге сала кетейік, елордада «Астана-Бастау. Территория Бизнеса» форумы бүгін басталды. Ол Аслан Қанатовтың мінбеге шығуымен ашылды.

Сондай-ақ бүгін нетворкинг бойынша сарапшы Гил Петерсил, көрнекті экономист, «Фанк стиліндегі бизнес» бестселлерінің авторы Кьелл Нордстрем, Қытаймен бизнесті енгізу саласындағы кәсіби саналатын Дмитрий Ковчак, «Синергия» холдингінің атқарушы директоры Вадим Лобов, Rumi Group ресторан желісінің басқарушысы Қуаныш Шоңбай, бокстан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 2005, 2007 жж. әлем чемпионы Серік Сәпиев, супермарафоншы, 7 дүркін рекорд орнатып Гиннестің рекордтар кітабына енген Марат Жыланбаев шықты.

Форумның ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігі, «Астана» ӘКК және «Синергия» мектеп-бизнесі. Оның жұмысына Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам кәсіпкер қатысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109