4619

Гил Петерсил: «Астана-Бастау. Бизнес территориясы» форумы бизнестің дамуына жағдай жасайды

Қазақстанда соңғы 4 жылда нетворкинг жылына 200-300 % өсті, ал әлемде даму темпі әлдеқайда баяу және 15-20 % құрайды, ары кеткенде 30 %, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты нетворкинг бойынша сарапшы Гил Петерсилдің сөзіне сілтеме жасап.

«Астана-Бастау. Бизнес территориясы» форумының спикері мұндай өсімнің саласын қазір «Қазақстандағы кәсіпкерлік дүмпу мен бизнестің халықаралық нарыққа шыққысы келуімен, жаңа мүмкіндікті пайдаланып, жаңа серіктестік құрғысы келуімен» байланыстырады.

«Мұндай форматтағы форум Астанада алғаш рет өтуде, бұл экономика үшін өте тамаша. Мен аудиторияның энергиясын сезініп тұрмын, олардың бір бірімен өзара әрекеттескісі келетін көріп тұрмын, яғни әрқайсысының қажетті қадамдарды жасап өз бизнесінің аумағын кеңейткісі келетінін, бастысы биліктің де осы үшін барлық қажеттіні ұсынып жатқанын да көріп тұрмын», - деді ол.

Осы орайда ол бизнесте кім алғаш рет қадам жасаса өзінің қарапайым бизнес жоспарын құрып, сол жоспарды орындау үшін кішігірім қадамнан бастау керектігіне кеңес берді. Осы жолда сарапшы жетекші тәлімгер табуын және басқа елдің бизнесмендерімен бірлесіп, өзіне ұқсас бизнеспен айналысатын басқа компаниялармен өзара бірлесіп жұмыс істеуге кеңес береді. Ал бұрыннан бизнесте жүргендерге Гил Петерсил өз бизнесінің жайлы аймағынан шығып, компаниясын кеңейту үшін жаңа қадамдарға бару керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана-Бастау. Бизнес территориясы» форумы Астанада бүгін басталды. Форумның ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігі, «Астана» ӘКК және «Синергия» мектеп-бизнесі. Оның жұмысына Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам кәсіпкер қатысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109