4201

Кьелл Нордстремнан бизнесті тиімді жүргізу бойынша 5 кеңес

«Бизнес в стиле фанк» бестселлерінің авторы, көрнекті экономист - Кьелл Нордстрем «Астана Бастау. Территория Бизнеса» атты кәсіпкерлердің ауқымды форумына қатысушыларының алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

 «1-ші кеңес – «технологияға қарағанда адамдар әлдеқайда маңызды». 2-ші кеңес – «мемлекеттен гөрі қала маңызды». 3-ші кеңес – адамдармен қарым-қатынасты жақсарту, ЖОО-да оқығаннан маңызды және менің байқағаным, болашақта қыз-келіншектер қазіргіден де маңызды рөл атқаратын болады», деді Кьелл Нордстрем журналистерге.

Сонымен қатар, оның айтуынша бизнесті бастауға ең тиімді жас 20 мен 40 аралығы, себебі осы жаста, бізге бизнес жасауға, оны жүзеге асыруға күш-қуатымыз тасып тұрады және қаражат та болады.

Сондай-ақ, сарапшы бизнес үшін тиімді жаңа бағыттарды атады, бірінші орынға денсаулық саласы, оның ішінде адамдардың қартаюын назарға алатын. Екінші орынға ол көлік саласын және онымен байланысты бар бағытты қойды. Себебі қазіргі таңда адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға бейім және бизнесті дамыту үшін коммуникация қажет.

Үшін орында ойын-сауық саласы атап айтқанда, девайс («девайс» термині ағылшын тілінінің device сөзінен шыққан. Мағынасы өте күрделі ол аспап немесе автомат, компьютерлер сияқты, ноутбуктер, смартфондар, ойын приставкалары және т. б. – Авт) компьютер ойындары.

Еске сала кетейік, форум бүгін басталды, ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігі, «Синергия» Бизнес мектебі және «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» жобалық офисі.

Іс-шараға еліміз бойынша 16 мыңнан астам кәсіпкер қатысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109