4492

Аяз Шабутдинов: Қазақстан біраз көрсеткіштерде Ресейден басып озды

Астанада өткен демалыста алғаш рет ауқымды «Astana Bastau – территория бизнеса» кәсіпкерлер форумы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. ҚР, Ресей, АҚШ және еуропа елдерінің жетекші бизнесмендері өздерінің тәжірибесімен, табыс құпиясымен бөлісті. Оның қатарында – Like холдингінің қожайыны Аяз Шабутдинов, ChokoFamily холдингінің директоры Рамиль Мухоряпов, цифрландыру бизнес саласындағы кәсіпкер және стратег Тревор Чепмен бар.

«Бизнес территориясының» жаһандық міндеті – жаңа идеялар беру, сату саласындағы құралдар, инвестиция, қаптама және бизнесті ауқымды ету. Астана әкімдігі, «Астана» ӘКК және «Синергия» мектеп бизнесі ұйымдастырған форумның басты мақсаты – кәсіпкерлерге астаналық бизнес жобаларға қаржы құюдың қаншалықты тиімді екенін көрсету. Астана әкімдігінің ресми сайты сарапшылардан ҚР нарығы мен Астананың перспективасына баға беруді және де әмияныңда мың доллармен бизнес бастауға бола ма деген сұраққа жауап беруін өтінді. 

Тревор Чепмен, америка кәсіпкері. Өз компаниясы мен серіктестері үшін сатылымда 100 миллионнан аса доллар табыс тапқан:

«Қазақстандағы мүмкіндікті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Неге? Себебі, мұнда бәсекелес жоқ. Америкада және басқа елдерде бар нәрсе мұнда жоқ. Бәсекелестіктің жоқтығынан кәсіпорын табысқа кенелетіні сөзсіз. Мен сізге айтайын, егер адам Еуропада, Америкада айналысатын болса, адамдарды өзіме тарту үшін олардан қалай ерекшеленемін деп ойлауы  тиіс. Ал мұнда ол туралы ойлаудың қажеті жоқ. Мұнда тек қолға алған істі жасау керек», - деді Тревор Чепмен.  

Сарапшы дей тұра уақытты жіберіп алмау керектігін айтады. «Әлем кең жазықты бола түсуде, шекаралар ашылуда. Алда таяу уақыттары мұндай мүмкіндіктер бола бермейді».

Аяз Шабутдинов, Forbes журналының «Жас миллиардерлер мектебінің» жартылай финалисі, халықаралық EQ GSEA жас кәсіпкерлер премиясының иегері. «Like» холдингінің иесі:

«Маған енді қайда шығу керек  деген таңдау түскен кезде Ресейден кейінгі екінші орында Қазақстан, сосын барып басқа елдер тұрды. Біздің осындағы жұмыс тәжірибеміз нарықтың болашағы бар екенін көрсетеді.

Қазақстан көптеген параметр бойынша тіпті Ресейді басып озады. Сіздерде Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) босатты, өкініштісі сол, бізде ол жоқ. Сол себепті Ресейде немен айналысып жатырмыз, мұнда да соны дамытуға болады», - деді А. Шабутдинов.

Рамиль Мухоряпов, «ChokoFamily» холдингінің қожайыны. 2017 жылы компанияның айналым табысы 11 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін өсті. Кәсіпкер қалтаңда мың доллармен бизнес бастауға болатынына сенімді. Бұл мәселеде капитал емес, сенің жұмыс істеуге деген ниетің маңызды.

«Осындай ақшамен бизнесті бастауға болады. Мұнда капитал мәселе емес, адамдар өзін өзі қорқытып, бизнес деген қиын, күрделі деп бастарын қатырады. Олар қолда бар жайлы өмірден айрылып қаламыз ба деп қорқады. Рас, алғашқы жылдары бизнес өте ауыр тиеді, оның үстіне бұрын жалдамалы жұмыс істеген болсаң. Бұл арада саған ештеңе де дайын емес, яғни жайлы аймақтан шығу керек. Бар болғаны үздіксіз жұмысқа дайын тұруың керексің, басқа рецепт жоқ», - деді Р. Мухоряпов.

Айта кетейік, форумның жұмысына Қазақстаннан 16 мың кәсіпкер қатысты. Алаңда бизнесмендер білімімен, тәжірибесімен бөлісті және болашақ серіктестермен іскерлік келіссөздер жүргізді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109