2146

Ресей дизайнерлері Астанада өз коллекциясын ұсынды

Шараны ресейлік тараптан мемлекеттік институты саналатын Ресей экспорт орталығы ұйымдастырды. Қазақстан тарапынан мемлекеттік қолдауды Астана әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы және "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС көрсетті.

26 қыркүйек күні Конгресс-орталықта Ресейдің fashion-индустриясындағы 25 лидері қазақстандық сатып алушылар мен бөлшек саудагерлерді өздерінің сән тенденцияларымен таныстырып, киім-кешек, аяқ киім, аксессуар мен текстиль топтамасын ұсынды. Ал бөлек топта зиянды өндірісте қолданатын арнайы киім мен аяқ киімдер үлгісі көрсетілді.

RussianFashionbrands - Ресей экспорт орталығының Қазақстанда өткізген бірінші шарасы және жеңіл өнеркәсіп секторындағы Ресей компанияларының қазақстандық тұтынушыларға ұсынып отырған ең алғашқы көрмесі.

Ресей экспорт орталығының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Андрей Архипов Ресей мен Қазақстан арасында сән индустриясы саласында өзара тиімді іскерлік әріптестік орнату – шараның басты мақсаты деп түсіндірді.

Сән көрсетудің ерекше форматы Астанаға келген ресейлік өндірушілердің ассортименті мен мүмкіндіктерін толық көрсете алды. Қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдері тікелей іскерлік байланыс орнатып, жаңа сенімдісеріктестерді табуға және отандық тұтынушылар нарығына ұсынатын өнімдер ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік алды. Қазақстан тарапынан ары карай әріптес болуға 150-ге жуық компания қызығушылық білдірді.

"Аталған шараның қорытындысын есепке ала отырып, біз сән индустрия саласында Қазақстанмен қай бағытта жұмыс жасау керектігін түсінеміз, сондай-ақ басқа да Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік әлеуеті бар секторларды анықтаймыз", - деді алдағы жоспарымен бөліскен Андрей Архипов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109