1189

Астанада «AstanaInvest 2013»IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді

2013 жылдың 24 мамырында Тәуелсіздік сарайында «AstanaInvest 2013»IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Іс-шара дәстүрлі Астана экономикалық форумы бірыңғай алаңында өтуде.

2013 жылдың 24 мамырында Тәуелсіздік сарайында «AstanaInvest 2013»IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Іс-шара дәстүрлі Астана экономикалық форумы бірыңғай алаңында өткізіледі.

«AstanaInvest» - Астана қаласына  инвестиция тартуды мақсат тұтқан, сондай-ақ, Астананың брендін көтермелеу үшін халықаралық және іскерлік ынтымақтастық орнатуға бағытталған ірі бизнес-іс-шарасы. 

Қала әкімдігінен хабарлағанындай, Форумның тақырыбы: «Астананың әлемдегі инвестициялық имиджі», «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік инвестиция тарту кепілі» және «Астана –  «EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін орын».

«AstanaInvest 2013» форумын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов және Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко ашады деп жоспарлануда.

Форум бағдарламасында World Organization of Creditors президенті  Роберт Абдуллиннің, ТМД бойынша «Ernst&Young» компаниясының басқарушы серіктесі Карл Джоханссонның, Price water house Coopers серіктесі Хазем Галяльдің, ««EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу жөніндегі дирекция» директоры Қаһарман Жазинның, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың және басқалардың сөз сөйлеуі жоспарланған.

 Форум бағдарламасында айтылғанындай, Астана экономикасына инвестиция тарту  бойынша жалпы мәжілістер мен «дөңгелек үстелдер» өткізіліп, онда аталған мәселелер талқыланатын болады.  

Сонымен қатар Форум қонақтарына Бірыңғай индустриалды-инновациялық көрмелер аясында елорданың инвестжобаларымен танысудың бірегей мүмкіндігі туады.  

Бұған дейінгі Астананың инвестициялық мүмкіндіктері мен келешегі тақырыбына арналған «AstanaInvest 2012» форумы  500-ден астам қатысушы жинап, олардың қатарында мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, бизнес-құрылымдардың, ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері мен шетелдік инвесторлар, сондай-ақ, экономиканың нақты секторының өкілдері болғанын атап айтқан жөн. «AstanaInvest 2012» ІІІ Халықаралық инвестициялық форумы қорытындысы бойынша әлеуетті инвесторлар және «Cisco Systems International B.V.» (АҚШ) компаниясының инвестициялық ұсынысы ынтымақтастығы туралы 7 Меморандумға қол қойылған болатын. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109