711

«Халықтық IPO» бағдарламасы халық игілігіне айналуда

Астана қаласы әкімдігінде «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысудың талаптары мен тәртібін түсіндіру бойынша кеңес өтті. Аталған жиынға «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ Ақпараттық-талдау департаментінің аға талдаушысы Ерлан Қылбаев және қалалық актив қатысты.

Астана қаласы әкімдігінде «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысудың талаптары мен тәртібін түсіндіру бойынша кеңес өтті. Аталған жиынға «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ Ақпараттық-талдау департаментінің аға талдаушысы Ерлан Қылбаев, «Асыл-Инвест» АҚ Астана қаласы бойынша аймақтық директоры Бақыт Нұрдәулетов, Астана қаласы Қаржы басқармасының бастығы Бекбол Сағын және қалалық актив қатысты.

Ерлан Қылбаев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ Ақпараттық-талдау департаментінің аға талдаушысы:

Бағдарламаның бірінші кезеңі сәтті аяқталды деуге негіз бар. Өйткені, халық  қызығушылығы күткенімізден жоғары болды. Бастапқыда бір акцияның құны 725 теңге болса, бүгінде 830 теңгеге дейін көтерілді. 2012 жылдың 6 қарашасынан 2013 жылдың 5 желтоқсанына дейін 34 687 өтініш келіп түскен. Демек, халық құнды қағаздардың қажеттілігі мен пайдасына бірте-бірте көз жеткізіп келеді.

Бағдарламаға қатысу жөнінен республика бойынша Алматы, Астана, Маңғыстау облысының тұрғындары алдыңғы қатарда тұр. Құнды қағаздар нарығына қызығушылық танытқандар Алматы қаласы 48%, Астана қаласы 14, 5% құрады. Айта кету керек, аталған бағдарлама 2012-2015 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік компаниялар акцияларының 5-15-ке дейінгі пайызын орналастыру жоспарланған.

Бақыт Нұрдәулетов, «Асыл-Инвест» АҚ Астана қаласы бойынша аймақтық директоры:

«Халықтық IPO» бағдарламасының бастапқы орналастыруына қатысуға тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен зейнетақы қорларының ғана құқы бар. Ал, шетелдік инвесторлар мен заңды тұлғалар тек екінші кезеңіне қатысуына болады.

2012 жылы «Халықтық IPO-ға» «ҚазТрансОйл» АҚ, 2013 жылы –«KEGOC» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ,2014 жылы – «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, 2015 жылы – «Қазатомпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ сынды ірі компаниялары қатысады деп күтілуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109