679

Су пайдалануға арналған халықаралық көрмеге 80-нен астам компания қатысады

Биылғы жылдың 15-і мен 17 мамыры аралығында елордада «Су пайдалану: шынайылық, мәселелер мен келешек іс-қимылдар» тақырыбында VI халықаралық көрме мен конференция өтеді.

Биылғы жылдың  15-і мен 17 мамыры аралығында елордада «Су пайдалану: шынайылық, мәселелер мен келешек іс-қимылдар» тақырыбында VI халықаралық көрме мен конференция өтеді. Бұл туралы «Астана - Экспо КС» көрме компаниясы мәлім етті.

Іс-шараға әлемнің 11 елінен 80 фирма мен компания қатысады. Олар көрмеге келушілер назарына ауыз су дайындаудың заманауи технологиялары мен тоған суын тазалаудың  жаңа мүмкіндіктерін, су шаруашылығы құрылысын салу мен оны жөндеу үшін құрылыс материалдары мен жабдықтарды; су құбырларының аралық қабатын, сондай-ақ, түрлі аспаптар мен аппаратураларды, өлшеу техникаларын, басқа да құралдарды ұсынады.  

«Конференция барысында кәсіпорындардың сумен жабдықталуы, су айдау қызметтерін жақсартып, қазіргі заманғы менеджемент енгізу, инвестиция тарту, тағы да басқа жайлар талқыланатын болады», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Іс-шара ҚР үкіметінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.  

Көрменің ашылу салтанаты 15 мамырда 11.00-де «Көрме» орталығында өтеді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109