755

Астанада «Шай.Кофе.Шоколад-2013» көрмесі ашылды

Елордада бүгін III қазақстандық Халықаралық «Шай.Кофе.Шоколад-2013» көрмесі аясында қазақстандық 1-ші Латте Арту Кубогы өтеді.

Елордада бүгін III қазақстандық Халықаралық «Шай.Кофе.Шоколад-2013» көрмесі аясында қазақстандық 1-ші Латте Арту Кубогы өтеді, - деп хабарлайды «Көрме» орталығының «Korme-Expo» басқарушы компаниясы.

Халықаралық «Шай.Кофе.Шоколад-2013» көрмесі - бұл Қазақстандағы ыстық сусындар мен оны пайдалану мәдениетіне арналған  жалғыз жоба. Ұйымдастырушылардың ойынша, көрменің негізгі міндеттері - шай, кофе, шоколадтардың шикізаты мен  жартылай шикізатын өндіріс кезенде айқындап, дайын өнім алып, оны тұтынушыға жеткізгенге дейінгі барлық үдерістерді көрсету. 

Көрме аясында тұңғыш рет қазақстандық 1-ші Латте Арту Кубогы  (Kazakhstan Latte Art Cup) өтеді.

«Латте Арт (Latte Art) - эспрессо кремінде сүтпен қосып сурет салу өнері. Нәтижелері нақты уақыт тәртібінде жарияланады. Кубок плей-оффа жүйесінде өтеді. Кофеде күрделі және айқын сурет салған барист жеңімпаз деп танылады»,- деп хабарлайды компания.

Сонымен қатар, Барист Әлемдік Чемпионаты (WBC) ережесі бойынша 2-ші қазақстандық Барист-2013 Чемпионаты өтеді. Қатысушыларға Қазақстан, Ресей және Еуропаның сертификатты төрешілері төрелік етеді. 

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрме 2011 жылы сәтті өткізілген. Ол қазақстандықтардың қызығушылығының басымдығын көрсетті. Содан бері ел астанасында «шайлық» көрме жыл сайын өткізіліп, іс-шараға он мыңнан астам адам қатысуда.  Көрме сонымен қатар өтімді, халықтың сұранысына ие тауарларды ұсыну үшін өндірушілердің дәстүрлі алаңқайына айналып келеді.  Мұнда түрлі елдерден өкілдер қатысып, маман-кәсіпкерлер шеберлек дәрістерін де жүргізеді.

Іс-шара елордадағы «Көрме» көрме орталығында 15-і мен 17 мамыр аралығында өткізіледі.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109