618

Астанада шетел инвесторлары Кеңесі өтті

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 26-ші шетелдік инвесторлар кеңесі өтті.

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 26-ші шетел инвесторлары кеңесі өтті. Оның басты тақырыбы - «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық-технологиялық дамуы» болды.

Отырыстың Кеңесін аша келіп, Мемлекет басшысы Қазақстан өзінің кейінгі кезде қол жеткізген жетістіктерімен мақтана алатындығын атап көрсетті. Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғаннан бергі 14 жылда еліміз аз жетістіктерге қол жеткізбепті. Солардың қатарында - ел экономикасының 2,5 еседен астам өсіп, 186 миллиард долларға жеткендігі. Бұған қоса 2011 жылы ЖІӨ 7,5 пайызды құрады. 

«Осы жылдарда Орталық Азиядан  Қазақстанға жалпы көлемі  70% тікелей инвестиция тартылды. Екінші сөзбен айтқанда, бұл - 150 миллиард доллар деген сөз. Тек өткен жылы ғана инвестиция 18 млрд. доллар болды.  Индустризация бағдарламасы да жемісті жүргізілуде. Екі жылда төрт жүзге тарта жаңа өндіріс іске қосылып, одан 3 млрд-тан астам өнім өндірілді. Тағы да екі жүз жиырма жобаны жүзеге асыру жалғастырылуда. Олардың 30-ы ірі индустриалды нысандар. Инвестицияның жалпы көлемі өңдеуші кәсіпорындарда кейінгі үш жылда 8,5 млрд. долларға жетті. Мойындау керек, бұл жетістіктер көп жағдайда біздің шетелдік серіктестердің белсенділігіне байланысты болып отыр», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында Кеңеске қатысушылар елде инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстандағы қолдау бағдарламасын талқылап, сондай-ақ, шетелдік инвесторлардың қазақстандық мазмұнды дамытудағы, жаңа технологияны енгізу, жоғары қосымша құнымен өнім өндіруді меңгерудің мәселелері ортаға салынды. 

Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін 4 аталым бойынша шетелдік компанияларды марапаттау салтанаты өтті. 

  «Ұзақ мерзімдік стратегиялық серіктестік» жүлдесін - BG Group компаниясы, «Тікелей инвестиция салу» аталымы бойынша ENRC, «Әлеуметтік-жауапкер компания» аталымы бойынша -METRO Cash&Carry алса, Гран-при иесі болып «Теңізшевройл» компаниясы танылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109