719

Халықаралық форумға Астананың даму болашағы арқау болды

Астана –жас қала. Соған қарамастан еліміздің экономикалық, саяси ірі орталығына айналды. Елорданың дамуына агломерациялық дамудың перспективалық аймағы ретінде қарауға болады.

Астана –жас қала. Соған қарамастан еліміздің экономикалық, саяси ірі орталығына айналды. Елорданың дамуына агломерациялық дамудың перспективалық аймағы ретінде қарауға болады. Алдағы уақытта елордаға өнеркәсіпті Қарағанды мен Бурабай,  Щучинск демалыс аймағы тартылмақ. Бұл туралы IV Экономикалық форум аясында өтіп жатқан «АстанаInvest 2013» IV Халықаралық инвестициялық форумында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.

Тұтастай алғанда, халықаралық орталық ретінде өнімдер қызметінің, білімнің, медицинаның, туризмнің, инновацияның және басқалардың бәсекеге қабілеттілігі астаналық шоғырланудың әлеуметтік маңызды мәніне ие. Сондықтан да Астананың даму болашағы туралы айта келіп, болашақ қаласы негізінен ақылды шешімдер мен смарт технологиялар тұжырымдамасы бойынша қалыптасып келе жатқанын атап көрсеткім келеді.Елордаға заманауи технологиялар қажет және олар ең алдымен энергия үнемдеу, «жасыл экономиканы» дамытуға негізделуі керек.

Аталған форумға келген шетелдік инвесторлардың қатарында Въетнамнан келген Нгуен Тхань Хунг те бар. Инвестор алдағы уақытта Астананың көркеюіне үлес қосып, өзіндік брэндтерін қалыптастыруға үлес қоспақ ниетте.

Нгуен Тхань Хунг, форум қатысушысы:

Форумның мақсаты қаланың даму процестеріне үлес қосып, халықаралық іскерлік ынтымақтастықты көтеру ғой. Міне, мен де осы бастамаға өз үлесімді қосқым келеді. Айта кетейін, бүгін меморандумға қол қойып, екі жақты келісім орнатуды жоспарлап отырмыз.  Негізінен, біздің жоба тұрғын үй кешендерін салумен байланысты. Бір айта кететіні, ол жобаға әлемдік сәулетшіні шақырып, шығыстық үлгіде тұрғызу ойда бар.

Айта кету керек, форумда сөз сөйлеген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 15 жылда халық саны 2,5 есеге, жалпы өңірлік ішкі өнім 90 есеге, инвестиция 30 есеге артқанын баса айтты. Сондай-ақ, қала әкімі жалпы аумағы 600 гектарды құрайтын индустриялық паркте 46 жоба жүзеге асырылып, алдағы уақытта аумағы 450 гектар болатын екінші паркті құру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Форумға бүгінде 14 елден 500-ден астам делегат қатысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109