724

Елордада 165 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады

Қазір Қазақстанда шағын және орта бизнеске жіті көңіл бөлініп отыр. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдайтын бірқатар бағдарламалар әзірледі.

Қазір Қазақстанда шағын және орта бизнеске жіті көңіл бөлініп отыр. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдайтын бірқатар бағдарламалар әзірледі. 

Астанада шағын және орта бизнеспен айналысушылар саны 165 мың адам болып отыр. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихатта өткен «Қазіргі жағдайдағы бинес пен биліктің өзара тиімді қарым-қатынасы» дөңгелек үстелі барысында Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Мәлика Бектұрова мәлім етті. 

«Мемлекеттің белсенді қолдауының арқасында елорданың шағын және орта бизнесі экономиканың барлық саласында өркендеп, дамып келеді. Аймақтық ішкі жалпы өнім өндірудегі шағын және орта бизнестің үлесі 50%-дан асып, жыл сайын 60%-дан астам жаңа жұмыс орны ашылуда»,-деді М.Бектұрова өз сөзінде.

Өнім өндіріп, 1 трлн. 52 млрд теңгенің қызметін көрсеткен шағын және орта бизнеспен айналысатын экономикалық белсенді тұрғындар саны 40% шамасына жетті.

Осыған орай ол аймақтың кәсіпкерлік өсімінің орнықты әрі теңдестірілген экономикалық шикізат секторларын қамтамасыз ететін, сондай-ақ, тұрақты жаңа  жұмыс орындарын ашу мақсатында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының  сәтті жүзеге асып жатқандығын атап өтті. 

Дөңгелек үстел мәжілісіне Астана қаласы Мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов, «Нұр Отан» ХДП АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов және елорданың кәсіпкерлері қатынасты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109