642

Астанада бастаушы бизнес-айымдар үшін тегін тренинг өтеді

Қазақстанның эстрада жұлдызы, елдің бас «құдағиы» Айгүл Бабаева Астанаға келіп, тұрақты жұмысы жоқ және өзінің бизнесін ашуды армандайтын әйелдермен кездесу өткізеді.

Қазақстанның эстрада жұлдызы, елдің бас «құдағиы» Айгүл Бабаева Астанаға келіп, тұрақты жұмысы жоқ және өзінің бизнесін ашуды армандайтын әйелдермен кездесу өткізеді, - деп хабарлайды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Айгүл Бабаеваның ойынша, әр әйелдің кәсіпкерлікке икемі бар. Тек соның көзін тауып, дер кезінде қабілет-қарымын керекті бағытқа жұмсай білуі қажет. 

Өзінің жеке бинесін ашу жолындағы алғашқы қадамын қазір әрбір нәзік жан иесі жасай алады. Әрі оған толық мүмкіндіктер де бар. Ол үшін экономикалық тұрығыдан тәуелсіз болуға ұмтылған ниет пен өз отбасының қолдауы болғаны жөн. Бастапқыда бірнеше қадамдар жасаған дұрыс. Атап айтқанда, бірінші –тренингтен өтіп, тегін білім алу; екінші – байқауға қатысуға өтінім беріп, грант алу; үшінші– өзіңнің бизнесіңді дамытып, өз бетіңше ақша табуды үйрену!

Жаңа бастаушылар үшін бизнес негіздерінің тренингі «Coca-Cola Белестерi» жобасы аясында өткізілуде. Оның түпкі мақсаты мемлекет тарапынан әйелдердің жұмысқа орналасуына көмек көрсетіп, экономикалық тәуелсіздік пен жеке кәсіпкерлікке бағытталған бастамаларға қолдау білдіру болып табылады.

Жоба Алматыда мыңдаған әйелдің оқу сабағын тыңдап, байқауға қатысып, өз ісін дамыту жөніндегі бизнес-идеяларын өркендетуіне мүмкіндік туғызды. Ең болашағы бар деген жобалар өз бизнесін дамыту мақсатында ақшалай грант түрінде қолдауға ие болады.

Астанада тренинг қалалық әкімдікте өтеді. Жеке бизнес негізіндегі тегін тренингке барлық жастағы әйелдер қатыса алады.

Тренинг 25 маусымда 10.00-де М.Өтемісов атындағы Мектеп оқушыларының сарайында өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109