675

Елордалық кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша байқау жарияланды

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты - жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, әйелдерге және мүгедектерге «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында жеке бизнес ашуға мемлекеттік гранттар ұсыну болып табылады.

«Байқау шарттары бойынша оған жеке кәсіпкерліктің жаңа бастаған субъектілері (2012 жылғы 27 қаңтар мен 2014 жылғы 1 қаңтар аралығында тіркелгендер және өтінім берген), экономиканың басымдық секторлары аясында жұмыс істейтін жас кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер қатыса алады»,- делінген Басқарма ақпаратында.

Бизнес жобаның басты шарты - Кәсіпкер оны жүзеге асыруға жұмсалатын шығынды бірге қаржыландырып, ұсынылған Гранттың жалпы көлемінің кем дегенде 20 пайызын төлеуі тиіс.

Жас кәсіпкерлер грант қаражатын  негізгі материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшиза құқықтарын сатып алуға, сонымен қатар, зерттеу жұмыстарымен немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсауы тиіс.

«Бір Кәсіпкерге ұсынылатын Гранттың ең көп мөлшері 3 000 000 теңгеден аспайды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Гранттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған, қайта құрылып жатқан, таратылған немесе банкротқа ұшыраған кәсіпкерлерге, сонда  й-ақ, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздары болған жағдайда берілмейді.

Байқау құжаттамалары 2013 жылғы 24 шілде - 31 тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады. Аталған мерзім өткен соң келіп түскен өтінімдер қабылданбайды, делінген ақпаратта. Хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен толығырақ www.upp.astana.kz сайтында таныса аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109