7 айда астаналық кәсіпкерлердің саны ұлғайды
2013 жылдың 7 айында шағын және орта бизнесте қызмет ететін астаналық кәсіпкерлердің саны 7,7% артып, 179 890 адамды құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,6% ұлғайып, 48 270 құрады, соның ішінде 7 089-ы заңды тұлға, 41 177-сі жеке кәсіпкер, 4-уі шаруа қожалығы», - делінген ақпаратта.
Бұдан басқа, 2013 жылғы қаңтар-шілде айларында кәсіпкерлер шығаратын өнім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5% өсті.
Еске салайық, қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік рөлі зор және ол жұмыс орындарын көптеп ашады. Үстіміздегі жылдың 1 шілде жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 6,7% артып, 179 690 адамды құрады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz