577

Елордада тіркелген заңды тұлғалар саны артып келеді

2013 жылдың III тоқсанында Астана қаласында тіркелген заңды тұлғалардың саны 2,8% артты. Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады. 2013 жылдың III тоқсанында бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 1203 бірлікті құрайды.

2013 жылдың III тоқсанында Астана қаласында тіркелген заңды тұлғалардың саны 2,8% артты. Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.

«2013 жылдың III тоқсанында бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 1203 бірлікті құрайды, олардың негізгі саны Алматы (50,7%) және Сарыарқа (31,5%) аудандарында шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 17,8%»,- делінген ақпаратта.

Ведомствоның хабарлауынша, тіркеу барысында кәсіпорындар жоспарлаған қызметкерлер санына сәйкес, барлық жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1179-і шағын, 21-і орта, 3-і ірі кәсіпорын ретінде тіркелген. Аталған мерзімде тіркелген шағын кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, 38,8% өскен, дәл сол кезеңде тіркелген орта кәсіпорындар 13 бірлікк, сондай-ақ, тіркелген ірі кәсіпорындар саны 3 бірлікке артқан.

Жаңа кәсіпорындардың көпшілігі құрылыс және сауда салаларында шоғырланған, әрбір саладағы олардың үлесі 25% құрады. Өзге де қызметтерге 10% тиесілі. Өнеркәсіп, ғылыми және техникалық қызметтерге 6%. Көлік және қоймалауға; ақпарат мен байланысқа, білім және денсаулық сақтауға орташа есеппен 4% келеді. Қоғамдық ұйымдар және қорлар; әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет; тұру және тамақтануға 3% келеді. Қаржы және сақтандыру қызметіне; өнер, ойын-сауық және демалысқа; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға орта есеппен 2% тиесілі. Мемлекеттік басқаруға шамамен 1% келеді. Жаңа заңды тұлғалардың 94,1% жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі - ЖШС) болып тіркелген. ЖШС-нің жыл басындағы жалпы санымен салыстырғанда олардың үлесі 10,6 пайыздық тармаққа артқан. Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 3,3% қоғамдық бірлестіктер мен қорлар; 1,3% мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар; 0,8% тұтыну кооперативтері, 0,4% заңды тұлғалар бірлестігі; 0.1% акционерлік қоғамдар құрайды.

2013 жылдың IIІ тоқсанында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 70,3%, әйелдер 29,7% құрады. Жыл басында заңды тұлғалар басшыларының жалпы санында ерлердің үлесі 73,9%, әйелдер 26,1% құрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109