605

Астанада 30 жуық шағын кәсіпорын өзара жарысады

Бүгін «Тілеп кобыз сарайы» концерт залында «Шағын кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері үшін» байқау-көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға өндіріс, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану саласында қызмет ететін Астана қаласының 30 жуық кәсіпорны қатысуда.

Бүгін «Тілеп кобыз сарайы» концерт залында «Шағын кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері үшін» байқау-көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға өндіріс, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану саласында қызмет ететін Астана қаласының 30 жуық кәсіпорны қатысуда.

Байқау «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер», «Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер», «Жылдың үздік кәсіпкері» аталымдары бойынша өтеді.

«Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеті - шағын кәсіпкерлерге мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын жеткізу болып табылады. Осы іс-шараның арқасында кәсіпкер өзінің жетістіктерін көрсетеді, Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы атынан мемлекет пен кәсіпкерлер арасында ашық диалог орнайды. Сонымен қатар, бүгінгі байқауға тек шағын бизнес қана, яғни, айналымы төмен, белгілі бір мәселелер туындаған компаниялар ғана қатысады. Аталған іс-шараның нәтижесінде олар өздерінің атын шығара алады», - деді astana.kz сайтына берген сұхбатында іс-шараны ұйымдастырушы, «EXPO-2050» компаниясының коммерциялық директоры Әділ Досмұхамбетов.

Айта кетейік, байқау-көрмеге қатысушыларға объективті баға беру үшін сарапшылар тобы (қазылар алқасы) құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың тәжірибелі мамандары енген. Бағалау критерийлері - жаңашылдық пен инновациялық, әлеуметтік бағыты мен жауапкершілік, сондай-ақ, жұмыс орындарын құруға арналған жағдайлар болып табылады. Қатысушыларды марапаттау рәсімінен кейін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109