696

Астанада жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгін елордада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы жанындағы жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті. «Жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес өкілдері ақпараттық және консультациялық қолдаумен бірге, құқықтық та көмек ала алады.

Бүгін елордада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы жанындағы жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті. 

«Бүгін біз кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуына куә болып отырмыз. Аталған орталық елордалық кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетпек, жұмыстар «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Мұнда экономиканың түрлі салаларында бизнес жүргізу мәселелері бойынша форумдар, семинарлар, іс-шаралар өткізуге болады», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков. 

КҚО - бұл «бір тезе» режиміндегі консалтингтңік қызметтердің толық пакеті, бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша оқыту, шеберлік сыныптары және семинарлар. КҚО 4 бағытта қызмет етеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау түрлері мен құралдары бойынша консалтинг, бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша тегін кеңестер беру, семинарлар мен тренингтерде тегін оқыту және серіктес ұйымдардың: банктер мен басқа да даму институттарының консультациялары. 

«Жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес өкілдері ақпараттық және консультациялық қолдаумен бірге, құқықтық та көмек ала алады. Кез-келген кәсіпкер рұқсат құжаттарын алу, бизнес субъектілерін тіркеу және басқа да заң мәселелері бойынша КҚО-дағы Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкіліне жүгінеді», - деді Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитов. Барша Қазақстан бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын аша отырып, «Даму» қорының көздеген басты мақсаты - жеке бизнес жүргізетіндерге немесе оны енді ғана ашуға бел буған адамдарға бір жерден оқып, бизнес жүргізудің түрлі аспектілерімен байланысты консультациялар алуға мүмкіндік беру болып табылады. 

«Қазіргі уақытта жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 9 мыңнан астам кәсіпкерге 22 мыңға жуық тегін кеңес берілді. Айта кетейік, орталыққа бір рет жүгінгеннен кейін көптеген кәсіпкерлер біздің тұрақты клиенттерімізге айналды», - дейді «Даму» қорының басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова. 

Желтоқсан айының соңы «Даму» қоры үшін жемісті болды, 24-31 желтоқсанда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары Республикамыздың сегіз қаласында ашылды: Талдықорғанды, Қарағандыда, Атырауда, Петропавлда, Ақтауда, Оралда, Ақтөбеде және Астанада.  

Еске салайық, еліміздегі алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы былтыр 1 қазанда Алматыда ашылған болатын. Бір жылдан артық уақыт ішінде аталған орталық барлық облыс орталқтрында және Семей қаласында жұмыс істей бастады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109