1196

Астаналық кәсіпкерлер мен қаржы полицейлері бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (Қаржы полициясы) кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (Қаржы полициясы) кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Тараптар шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасайтын тосқауылдар мен мәселелерді бірлесіп анықтауға, заңсыз тексерулерге қарсы тұруға, сондай-ақ, бизнес ортадағы жағдайды жақсарту үшін өзекті ақпараттармен алмасуға келісті.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитовтың атап өтуінше, әкімшілік тосқауылдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының орын алуына әкеледі. Оның үстіне, заңсыз схемаларға лауазымды тұлғалар да, кәсіпкерлердің өздері де тартылады. Сонымен қатар, жемқорлық құбылыстар бизнестің инвестициялық белсенділігіне де теріс әсер етеді. 

«Әкімшілік тосқауылдарды қысқарту бойынша жұмыс тобы құрылады, оған Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларынан басқа, мемлекеттік органдардың (әкімдіктердің) өкілдері кіреді. Осы диалог алаңы аясында шағын және орта бизнес өкілдерінде туындаған мәселелерді егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте қаржы полицейлерінің қатысуы жұмыс тобының қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырады», - деп санайды Мейірбек Мажитов.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау саласында қаржы полицейлерімен ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, бірлескен семинарлар мен консультациялар өткізу адал ниетті кәсіпкерлердің құқығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.  

«Бизнес қоғамдастық өз ортасында жемқорлыққа төзе алмайтын жаңа ой-пікірді қалыптастыру бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Бұл үшін біз мемлекеттік органдармен күш-жігерімізді біріктіреміз», - деді қалалық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы.  

Өз кезегінде, қаржы полицейлері қазіргі уақытта шағын және орта бизнес өкілдерін жоспардан тыс тексеруге тыйым салынғанын және коммерциялық құрылымдардың қызметіне кез-келген заңсыз араласу қатаң жазаланатынын еске салып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109