6751

«Айтыс – бабалар мұрасы» әдеби-сазды кеші өтті

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру» фестивалі бастау алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.    

Аталған фестиваль аясында қазақ халқының дәстүрлі төл өнерлеріне бағытталған әдеби-сазды танымдық кештер ұйымдастырылуда.Осыған дейін жыр-терме кеші, дәстүрлі ән кеші өткен, ал бүгін айтыс кеші өтті.

Кеш аясында айтыс және оның түрлері «Қайым айтыс», «Жұмбақ айтыс», «Өтірік өлең айтысы», «Салт айтыс», «Қыз бен жігіт айтысы» туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, жас айтыскерлер айтыстың түрлері бойынша ой мен сөзді жарыстырып қазақтың төл өнерін көрерменге паш етті.  Кештің ашылуында сөз сөйлеген халық ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, профессор Серік Негимов айтыстың тарихы мен түрлері туралы айтты.

«Айтыс тарихын айтқанда Махмұт Қашқаридың «Диуани луғат ат-түрк» ғұмырнамалық еңбегінде «Қыс пен жаздың» айтысын айтпау мүмкін емес. Қазақтың руханиятында «Тау өлең» «Су өлең», «Жер өлең» деген айтыс түрлері болған. Шөжелердің, Сүйінбайлардың, Жанақтың, Арыстанбайлардың, Орынбайдың «Сүр айтыстары» тарихта белгілі, «Түр айтыс», «Қысқа айтыс», «Қыз бен жігіт айтысы», «Жұмбақ айтыс» осындай түрлері көп болған», деді профессор Серік Негимов.

Айтыскер ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы рухани құндылықтарды және айтыстың түрлерін насихаттау, қазақтың төл өнері, құдіретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру, қолданыс аясын кеңейту кештің мақсаты.  

«Ең алғашқы республикалық айтыс 1940 жылы өтті. Оған Жамбыл, Шашубай, Нартай, Нұрлыбек, Қуат Керібаев, Орынбай Таймановтар қатысқан.  Одан кейін 1972 жылы Жамбылдың 125 жылдығына арналған республикалық екінші айтыс өтті, үшінші айтыс 1984 жылы Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығы құрметіне өтті», деді профессор.

Сондай-ақ, шара барысында белгілі дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали және жас таланттар «Арт-домбыра» аспаптық триосы өз өнерлерін ұсынды, кешті танымал айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров жүргізді.      

Айта кетейік, аталған фестиваль аясында алдағы уақытта қазақ күйлеріне, шешендік және ақындық өнерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.     

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109