1927

Астанада Анвар Мүсреповтің «Киелі көрмесі» ашылды

TSE Art Destination галереясында «GhostExpedition» көрмесінің ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Экспозиция «Еуропалық Одақ – Қазақстан» дипломатиялық қарым-қатынасына 25 толуына орай және Еуропаның мәдени мұралар жылына орайластырылды. Экспозицияны дайындау үшін Польша, Швейцария және Қазақстаннан жиналған суретшілер тобы еліміздегі «киелі орындарға» экспедиция жасап қайтты.

«Экспедицияны ұйымдастырушылар мен қатысушылардың атқарған жұмысына және алған нәтижесіне алғысым шексіз. Мен үшін бұл жоба өте маңызды, себебі мен Отанымызды әр қырынан көрсете аламын, біз барған жерлердің зерттелмеген тұстарын, тылсым мен аңызға толы жағын ұсынамын», - деді көрме кураторы Анвар Мүсрепов.

Пұтқа табынушылардың ежелгі мәдениеті, тылсым күштер орны, палеолит дәуірінің некрополы, ортағасырлардағы ислам мазарлары мен бірегей табиғи құбылыстар өнердің арқасында яғни Грегор Вогель (Швейцария), Марек Мардосович (Польша), Грегорч Демзук (Польша),Назира Каримова, Арман Саинов, Анвар Мүсрепов (Қазақстан) секілді авторлардың жұмысындағы технология арқылы өзінің құпиясын аша түскендей.

Жарық, дыбыс, тәжірибе – саяхаттаушылардың жаңа нәрсе мен беймәлім дүниені тануына арналған басты құралы. Олардың басты мақсаты – түсініксіз нәрсеге түсінік табу, осының көмегі арқылы киелі орындардың құпиясын ашу.

Экспедиция мүшелерінің жұмысы өздерінің мультимедиялық және қарапайымдылығының арқасында келушілерге көрмедегі табиғаттың жұмбақ әрі тылсым дүниелері мен құбылыстарын ұғынықты тілде жаңа форматта түсіндіріп береді.

Көркемдік зерттеу жүргізу үшін осындай аймақтың біріне Маңғыстау таңдалып алынды. Бұл аймақтың атауы «мың қыстау» деген мағынаны білдіреді. Көшпенділердің ежелгі бағаны өз жерінде палеолит дәуіріндегі көптеген ескерткіштерді, ежелгі көмілген қабірлерді, киелі орындарды және 362 сопы жерленген қорымды күзетіп жатыр. Кейбір ғалымдар Маңғыстауды – бұрын мұхиттың орны болған деп те болжайды.

Осы тұрғыдан қарағанда су тамшылайтын қасиетті жер асты мешіті мен ежелгі бейіт сияқты қалыпты бейнелейтін Анвар Мүсреповтің жұмысы көзге ерекше түседі.

«Автор адамның киелі әрі рухани дүниеден тұратынын, оның діні мен жынысына, өмірлік ұстанымына қатып қалмаған. Ол жай ғана заттың сақталған кезде оның өте биік әрі құдіретті атмосферасын жеткізе білген. Оның әрбір деталі - қабыршақтағы өрнектер, шайырдан жасалған қол, қасиетті судың бары туралы айтып тұр. Әрбір элемент өзінің таихын айтып тұр, бірақ бәрін бірге қарастырсаң олар жеке тарихты көз алдыңа әкеледі және әр адамның сезімін жеткізеді», - деді көрме авторы әрі куратор Анвар Мүсрепов.

Суретшілер Алматыға жақын жердегі Алтын Емел қорығына да барды. Ол жерде «Әнші бархан» деген атпен танымал болған құмды қорғандар көзге ерекше түсті. Табиғаттың бұл құбылысы күн құрғақ кезде құмның дыбыс шығаратынында, ол органның дауысын еске салады, Халық аңызының кейбірінде құм үстінде қаланың қоңыраулары болған десе, басқа бір деректерде бұл жерде Шыңғыс ханның жерленген моласы жатыр, таулардың дыбысы оның жан азабын көрсетіп жатыр деген де аңыз бар.

Осылайша тылсым да құпия әлемнің қойнауына ену үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Ол үшін Республика 33 а мекенжайындағы TseArtDestination галереясына келсеңіз жеткілікті. Көрме 26 қазан, 2018 жылға дейін жалғасады. Кіру тегін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109