3412

Астанада бразилиялық джиу-джитсуден ашық республикалық турнир өтеді

Елорданың 20 жылдығына орай Астанада Қазақстанның және шет мемлекеттердің спортшылары джиу-джитсуден «бразил систем» бөлімінен ашық республикалық турнирде Елорда кубогын сарапқа салады. Дүбірлі дода 5-7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Аталған ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты – адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ елімізде джиу-джитсуді және оның бағыттарын кеңінен дәріптеу, дамыту.

Республикалық турнирге Азия құрлығы мен аралдардың, басқа да мемлекеттердің, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысады. Жарысқа ақ, көк, қызылкүрең, қоңыр, қара белбеулерге бөлінген 6-45 жастағы спортшылар жіберіледі.

5 қазанда спортшылардың келуі және оларды орналастыру, сондай-ақ 6-15 жастағы жасөспірімдердің салмағын өлшеу жоспарланған. Ал жекпе-жектер 6 және 7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын Кубокты тамашалауға шақырамыз. Жарысқа кіру – тегін.

6 қазанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін балалар арасындағы жарыс өтеді. Осы күні сағат 14:00-де джиу-джитсуден Астана кубогының ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Бұдан басқа, сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін «Astana Jiu-Jitsu Cup 2018» аясында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде бразилиялық джиу-джитсуден Әлем чемпионы Алана Финфоу және джиу-джитсуден басқа да әлемдік жұлдыздардың қатысуымен семинар өтеді.

Жексенбі күні, 7 қазанда «Дәулет» спорт кешеніндегі жарыс 10:00-де басталады. Жеңімпаздар арасындағы титул үшін абсолютті жекпе-жектер сағат 19:00 белгіленген. Astana Jiu-Jitsu Cup кубогы қазақстандық спортшы Дархан Нортаев пен бразилиялық Артур Ланестің, сондай-ақ Нұржан Сейдуали мен Лукас Пинхейроның арасындағы Чемпиондық белбеу үшін күреспен аяқталады.

Анықтама үшін: Дархан Нортаев – джиу-джитсуден 2016 жылғы Әлем чемпионы (Польша), 2018 жылғы Азия чемпионы (Ақтау), XVIII Жазғы Азия ойындарының чемпионы (Индонезия), халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Нұржан Сейдуали – джиу-джитсуден 2017 жылғы Әлем чемпионы (Колумбия), 2018 жылғы Азия чемпионы (Ақтау), XVIII Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (Индонезия), халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Astana Jiu-Jitsu Cup додасының ең қызықты жекпе жектерінде атақты бразилиялық шеберлер Алан Финфоумен Густаво Кампос күш сынасады. Айта кетейік, Бразилиядан келетін қонақтар оңтүстікамерикалық өңірдің және әлемнің танымал джитсерлерінің бірі.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан естелік медальдар алады. Ал абсолюттік салмақтар санатындағы жүлдегерлерге көк, қызылкүрең, қоңыр, қара белбеулер бойынша «adult» санатында ақшалай сыйлықтар да беріледі. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 15 000 АҚШ доллары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109