6165

Күзде Астанада велосипедпен серуендейтін жерлер

Велосипед тебу – өте қызықты әрі пайдалы. Ал күз айы – таза ауада велосипедпен серуендеуге болатын таптырмас мезгіл. Сіз велосипед жүргізе алмасаңыз да, дәл осы кездері жүргізіп үйренуіңізге болатын сәт . Астана әкімдігінің сайты елордамызда қандай қызықты, қолайлы бағыттар барына жол сілтейді.

Astana Triathlon Park – 2016 жылы салынды, мұнда велосипед тебуге, арнайы жолдарда жүгіруге болады. Бұл саябақтың ұзындығы жеті километрден асады, ені 2,4 метр және әуесқой велосипедшілер үшін бұл жеткілікті айналым. Сіз мұнда алтыға жуық айналым жасап қажетті қашықтықты жүріп өте аласыз. Triathlon Park асықпай велосеруен жасайтын әуесқойлар үшін таптырмайтын жер.

Жетісу саябағында спорт және белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін 1200 метрлік веложол бар. Ол қыста шаңғы трассасы ретінде пайдаланылады. Бұл жер міндетті түрде велосипед алуға тұратын орын. Мұнда жай велосипед тебетін әуесқойлар мен жаңадан келгендер үшін теп тегіс жасалған трассалар көңілдерінен шығатынына сенімдіміз.

Егер сіз асықпай, баяу жүретін, жаныңызға тыныш жер іздесеңіз, онда Президент саябағы – сізге нағыз керек жер! Бүкіл саябаққа ыңғайлы, теп-тегіс веложол төселген, саябақта бейнелеу кескіндері арқылы өтетін жолдар сіздің велосеруеніңізге эстетикалық реңк бере түседі. Бұл саябақ Астананың символы әрі қалалықтардың келіп тынығатын жай ғана сүйікті орны.

Шаңғы-роллер трассасы оң жағалаудағы Астана қалалық Орталық саябағында орналасқан. Астаналық саябақ Есіл өзенінің жағалауына жайғасқан. Сән-салтанаты келіскен төңіректе серуендеу көзді арбайды, бірақ денсаулық үшін өте пайдалы. Саябақ арқылы жайлы, тегіс жол төселген. Қыста бұл жол шаңғы трассасы ретінде қолданылады.

Жаңадан салынған «Атырау көпірі» жаяу өткелінде де веложол бар. Мұнда велосипедпен серуендеу – жан рахаты. Көпір Есіл өзенінің барлық сұлу келбетін айшықтап тұр. Десе де, жылдамдықты сүйетін әуесқойлар мұнда кішкене мұқият болғаны жөн. Себебі, саябақта адам қарасы өте көп.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109