2529

Осы күзде Байқоңыр ауданында мыңдаған тал ағаштары отырғызылады

Астанада күзгі тал мен ағаштар отырғызудың акциясы басталды. Байқоңыр ауданы 1600-ға жуық тал мен ағаш көшетін отырғызуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқоңыр ауданында 1000 тал мен 592 ағаш отырғызу жоспарлануда. 78 ағаш Абай даңғылына, 77 ағаш пен 1000 талды Кенесары көшесіне, 20 ағашты Кенесары – Ғабдуллин қиылысындағы гүлзарға, 21 ағашты «Жастар» сарайының маңына отырғызады.

«Ағаштарды отырғызу арқылы біз ауданымызды көрікті ете түсеміз. Көшелер жасыл желекке оранып, қаланың экологиялық жағдайы жақсара түседі. Ауданда күзгі отырғызу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов өзінің facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Астана аумағын жасылдандыру және абаттандыру, санитарлық тазалық бойынша экологиялық айлық жүріп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109