4992

Астанада шағын бизнесті «Құтқару қызметі» пайда болды

«Атамекен» ҰКП «Бизнесті құтқару қызметі» пилотты жобасын іске қосты. Енді шағын бизнес өкілдері үшін консультация алатын және заңсыз тексеруді тоқтататын 1432 байланыс орталығы құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бизнесті құтқару қызметі» түрлі саладағы кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді, яғни қоғамдық тамақтану орны (ресторан, бар, кафе), қызмет көрсету саласы (сән салоны, турагенттер, киім жөндеу және тігу және басқа), сервис (тамақты жеткізіп беру), сауда, сондай-ақ жөндеу және монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын бизнесмендерге арналған.

Жоба Астанада пилотты режимде іске асырылып жатыр және елордадағы шағын және микро-бизнесті шұғыл түрде тиімді қолдауға бағытталған. 1432 номері бойынша астана кәсіпкерлеріне өзекті және жедел кеңес ұсынылады, ал «Құтқару қызметі» мобильдік тобы сол айтылған жерге шұғыл түрде барады. Еегер жоба қолданыстан сәтті өтсе республика бойынша енгізілетін болады.

«Атамекен» ҰКП қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті хабарлағандай, «Бизнесті құтқару қызметі» келесідегідей принциппен жұмыс жасайды: «Егер Астана кәсіпкеріне бақылаушы органнан, салықтан немесе көші-қон қызметінен, полициядан заңсыз тексеруге келсе болмаса есепшотты арестке алса, бизнес объектіні коммуникациядан өшірсе – сізге шұғыл түрде көмек көрсетіледі». Мобильді топтың құрамына «Атамекен» ҰКП, прокуратура, жемқорлыққа қарсы органдар, Астана ІІД және ТЖД қызметкерлері кіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109