2010

Елбасы кітапханасында «Руханият тіректері» атты кітап көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жақын арада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне арналған «Руханият тіректері» атты тақырыптық кітап көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көрменің ашылу рәсімінде Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі:

– Бүгін Сіздер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу, дінтану, әлем діндерінің негіздері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің идеяларының туындауы және эволюциялық дамуы туралы тақырыптық кітап топтамаларын тамашалай аласыздар. Әлем діндерінің қасиетті кітаптары, яһудилік, христиандық, мұсылмандық әдеби дәстүрлердегі факсимильді және сирек басылымдарды паш ететін көрмеміз әлемдік өркениеттің байлығы мен сан алуандығын түсіндіріп қана қоймай, көрермендерді осылардың бір бөлігі ретінде сезіндіреді, - деп атап өтті Әмірхан Рахымжанов.

Әлемдік және дәстүрлі діндер, философиялық ілімдер мен тәжірибелер тарихы әлемнің көптеген ғалымдарының қызығушылығын оятады. «Рухани тіректері» көрмесі әлемдік діндердің қасиетті кітаптарын, ғылыми монографияларды, өнер және сәулет тарихтарына арналған еңбектерден тұратын 200-ден астам басылымды ұсынады. Мазмұны және жанр жағынан әрқилы басылымдар діндердің пайда болуы мен даму тарихымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар уақыт және кеңістік аясында діни дәстүрлердің сабақтастығын да көрсетеді. Ұсынылған ауқымды кітаптар жинағы әрқайсысы «руханият тірегі» болып табылатын әлемдік және дәстүрлі діндер туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.

– Дін мәселесі – күрделі мәселе. Діни адамдардың бір-бірімен келісе білуі қиын, олардың басын біріктіретін бір тылсым күш керек. Сондай күш - Елбасымыздың халықаралық деңгейдегі бастамасы арқылы Қазақ елінде орнықты. Адамдар жаратқанға бастайтын жолды жаңылыспай тапқанда ғана, көптеген қақтығыстар, түсінбеушіліктер,  неше түрлі келеңсіз жағдайларға жол берілмейді. Қазақ елінің кемеңгер басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай істің басында болып, биыл алтыншы рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізбекші. Бүгінгі көрменің тағылымы мол, көрген адам ой түйеді, - деді көрменің ашылу рәсімінде сөз алған, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім.

Құрандар коллекциясы Елбасы кітапханасы музей жинағының мақтанышы. Бұл жинақтың аса ерекшелігі – көрмеге ұсынылатын кітаптар арасында кітапхананың сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырларда шыққан түпнұсқалық басылымдардың болуы. Басылымдардың басым бөлігі Елбасымыз Н. Назарбаевқа шет мемлекеттер өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде ұсынылған. Әр кітаптың безендірілуі - әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ислам мәдениетінің қайталанбас бейнелерін қамтитын зергерлік, көркемдік және каллиграфиялық шебер әдіспен өңделген. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109