2351

Астанада Қазақстан мен Сербияның достығына куә болатын тұрғын үй кешені салынады

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич бүгін астанада көпфункционалды «БК Тесла Парк» тұрғын үй кешенінің іргетасын қалады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жоғары шенді қонақтарды Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстанның Сербиядағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Сербияның Қазақстандағы елшісі Владан Матич, «Дана Холдингс» директорлар кеңесінің төрағасы, Сербия халық депутаты Драгомир Я. Карич күтіп алды.

Салтанатты рәсімде ҚР премьер-министрі мен Сербия Президенті  Жолдау мәтінін капсулаға енгізіп, оны құрылыстың іргетасы қаланатын жерге бірге салды. «Ұрпаққа жолдау» мәтінінде «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы тұрғындарының арасындағы достық біздің бауырлас халықтарымыздың арасындағы сан ғасырлық қарым-қатынастар тарихының ерекше беттері болып қала береді», - делінген Жолдауда.

Тұрғын үй кешені өзіндік сәулетімен ерекшеленеді: ауқымды-кеңістікті қамтитын композиция бірте-бірте орталықтан периферияға қарай көпқабатты төмендетіп, бөлек доминантты көрініс қалдырады. Архитектуралық шешімде қосымша пластикалық фасад қолданылады және түрлі фактураны үйлестіру мақсатында тәуліктің әр кезінде күрделі визуалдық эффект береді. Тұрғын үй құрылысына түрлі типтегі құрылыс заттары қолданылды: жартылай жабық аула (испан кварталы), таңбалы, блокталған және көпсекциялы құрылыс және vip-класты аз қабатты ғимараттың құрылысы. 

«БК Тесла Парк» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы мен оны жобалау мақсатында жер учаскесі бөлінді және де Бас жоспардың талабы мен қаланы дамытудың міндеті бойынша Астананы жоспарлаудың Жоспарына сәйкес әскери қалашық салынады. Жаңа тұрғын үй кешенінің жалпы алаңы 61 га және ол Тельман ауданындағы тұрғын үйлердің арасына салынады және Ұлы Дала көшесінің жалғасына айналады.

Құрылыстың салыну кезеңі 2018-2023 жылдарға жоспарланды. Оған салынатын инвестицияның көлемі шамамен 500 млн АҚШ долларын құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109