Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2471

Әлемге аты әйгілі дирижерлер өнер мектебінде шеберлік сыныбын өткізді

Бүгін «Астана – бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалінің шеңберінде № 2 өнер мектебінде әлемдік танымал дирижерлердің қатысуымен ерекше шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Жас орындаушыларға өздерінің тәжірибесімен дирижер өнерінің мэтрлері Свенсон Симанджунтак (Индонезия) және Зимфира Полоз (Канада) бөлісті. Шетелдік қонақтарды қазақтың ұлттық мәдениетімен таныстыру мақсатында ұлттық аспаптар концерті ұйымдастырылды.

«Бүгін мен музыканы оқытудың халық өнеріне деген махаббатты арттыра түсетінін көрдім. Классикалық музыка мен өзге ұлттың мәдениетін оқып үйренген қандай жақсы. Бірақ мен үшін ең маңыздысы адамдардың өз ұлттық мәдениетін музыка арқылы көрсетуінде», - деді Аида Свенсон Симанджунтак. 

Бұл шеберлік сыныбының еркешелігі, барлық жаттығуларды балалар ойын формасында орындап шықты. Хормейстерлер балаларды дұрыс тыныс алуға, ән шырқауға және ойыншықтардың көмегі арқылы хорда дауысты орын-орнына қоюды үйретті.

«Біз өзімізге көп нәрселер алдық. Менің ұжымымдағылардың жасы кішкентай. Балаларға үнемі шырқау мәнерін, әдісін қалай түсіндіріп жеткізсем екен деген ойда жүретінмін. Енді бұл мәселе шешілді», - деді № 2 өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелді.

Естеріңізге сала кетейік, Астананың 20 жылдығына орай 10 қазанда «Астана Балет» театрында ірі ауқымды музыкалық жоба – «Астана – бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді. Оған әлемнің ең үздік хор ұжымдары қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109