Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2270

Астанада үшінші айыппұл тұрағын салуды жоспарлады

Астанада мамандандырылған екі тұрақ жұмыс істейді. Астаналық транспорт және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Көктал-2» ТА жақтан жалпы алаңы 5,1 га жер теліміне тағы да сондай бір тұрақ салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алаш тас жолындағы және Н: Тілендиев даңғылындағы мамандандырылған автотұрақтың жұмысы туралы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков қалалық әкімдіктегі қоғамдық кеңесте баяндап берді. Спикер қолданыстағы «Астана қаласының территориясындағы (автопарк) автотұрақ ұйымдарының ережесін бекіту туралы» қаулыға біршама толықтырулар енгізуді ұсынды.  

«Бүгінде көлік құралдарын ұстауға арналған екі арнайы автотұрақ та толып кетті. Автомобильдер ұзақ уақыт сақталғандықтан ішінде аса қажет емес транспорт құралдарының саны көп. Алаш тас жолы бойынша 541 көлік, Н. Тілендиев даңғылы бойынша тұрақта 600 көлік тұр», - деп түсіндірді Ә. Қуатбеков. 

Дәл осы көріністер қазіргі қолдланыстағы құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және сонымен қатар жаңа мамандандырылған тұрақ салудың қажеттілігіне әкеліп соқты. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр.

«Автотұрақ «Көктал-2» ТА ауданы жақта 5,1 га жер телімі алаңына мамандандырылған ХҚКО қасына салынады. Жыл соңына дейін экспертизаның қорытындысын алуымыз тиіс», - деді баяндамашы.

Оның айтуынша, аталған талап көліктерді бірдей орналастыруға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109