Астана билігі көші-қон тәртібін күшейтуге ауысты
Өкілетті органдар «Астана – өмір сүруге жайлы және қауіпсіз қала» бағдарламасының шеңберінде заңсыз көші-қонға қарсы белсенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
ІІД басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, көші-қон бақылауына баса назар аударылуда, яғни ұлттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, күшейтілген фильтрация қабылданып жатыр.
«Визалық режиммен келген, тіркеу реттілігі мен Қазақстан Республикасында болған шетел азаматтарын бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдануда, сондай-ақ шетел жұмысшыларын тартудағы заңдылықты қамтамасыз ету», - деді Б. Малыбаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері «Мигрант», «Гастарбайтер» және «Тіркеу» сияқты жеедел-профилактикалық шаралар жүргізудің барысында көші-қон заңын бұзған 7 910 шетелдік заң жолымен жауапқа тартылды.
Сонымен бірге, республикалық арнайы заңсыз көші-қонға қарсы күрес опреациясын ҰҚКД бірлесіп «Заңсыз келуші – 2018» ЖПШ 2 кезеңі өткізілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz