ТЖД қысқы балық аулау маусымындағы сақтық шараларын еске салды
Қыс мезгілі басталмас бұрын мұзда балық аулау және аңшылық кезіндегі төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүрді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
10 қазанда департамент қызметкерлері қалалық балық және аң аулау дүкендер («Қамал» және «Рыбалов») желілерін аралап, дүкенге келген адамдарға балық пен аң аулауға шығар алдында қауіпсіздік шаралар туралы ережелері жеткізді.
Сонымен бірге, дүкендердің көрнекі орындарына қауіпсіздік ережелері бойынша ақпарат ілініп, адамдарға қауіпсіздік бойынша 40-қа жуық жадынама таратылып, қосымша 150-ден астам көрнекі материал дүкендерге таратылды.
Қағида бойынша қыста үсікке тап болу, адамдармен техниканың мұзға батуы, сондай-ақ адамдардың қатты борандарда жоғалуы жағдайлары сирек емес. Адамдар мұздағы балық және аң аулауға шығар алдында келесі қарапайым қауіпсіздік шараларды сақтауға тиіс: қатпаған мұзға шықпау (тым ауыр жүктелген көлікпен жүру), балық және аң аулауға шығар алдында ауа райы болжамдарын анықтау, жеткілікті жылы киіну, жылыну құрал (байланыс құралдары) жабдықтарын алу, таныс емес жерлерде аң немесе балық ауламау. Өмірді сақтап қалуға болатын осы шараларды ұмытпау қажет.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz