3010

Бахрейн Астанадағы мектеп құрылысын қаржыландыруға дайын

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бахрейн Ханзадасының атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырзамен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тараптар келіссөздер жүргізудің қорытындысынан кейін Астанада білім объектісінің құрылысын салу мүмкіндігіне тоқталды.

Айта кетейік, 2014 жылы Бахрейн ханзадасы Хамад бен Иса әл Халифа Қазақстанға ресми сапары кезінде әлеуметтік нысанның құрылысын салу туралы келісімге қол жеткізген болатын, ол Бахрейн хандығының Астанадағы символы іспеттес болар еді.

Кездесудің соңында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайырымдылық қорының бастамасына жан жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Ал өз тарапынан Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза қарым-қатынас пен келіссөздерге көңілі толғанын жеткізді. Жоғары шенді қонақтар болашақта салынатын ғимарат Астананы ерекше архитектурамен толықтыра түсетініне сенімді.  

«Екі ғимарат бірдей болмайды, бірдей көшелер де жоқ. Әрқайсысы әр түрлі, бірақ бәріне де оның тамаша келбеті көрініп тұрады». Оның айтуынша, Қазақстан мен Бахрейн королдігінің арасындағы көптеген ұқсастықтар бар.

«Екі мемлекетті жақындастыра түсетін көптеген факторлар бар, - деді Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза кездесу соңында. Сіздер де мұнай бар, бізде де мұнай бар. Сіздер қонақжай халықсыздар, біз де қонақжай халықпыз. Қазақстанның Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан, Бахрейннің де Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан».

Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза Қазақстан мен Бахрейннің Астанадағы білім беру объектісінің (мектеп) құрылысы туралы жобаның басталғаны туралы Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қоры осы жылдың 16-17 желтоқсанына дейін хабарлайтынын айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109