2763

Астана климат жөніндегі Париж келісімінің міндеттерін орындауға кірісті

Елорда Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру, сонымен қатар атмосфераға парник газының шығарындылар көлемін төмендету бойынша жол картасын бекітті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Климат жөніндегі Париж келісімінің міндеттерін орындау мақсатында Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Қазақстандағы экологиялық ұйымдар ассоциациясы, Азиялық даму банкі, Қайта жөндеу және даму Еуропалық банкі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасымен бірге «2030 жылға дейін Астана қаласының төменкөміртекті даму стратегиясын» әзірлеу басталды.

«2030 жылға дейін Астана қаласының төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша» жол картасы бекітілді, ол бес бөлімнен және 21 іс-шарадан тұрады. Аталмыш стратегияны әзірлеу үшін 13 адамнан құралған сараптау тобы құрылды.

Бүгінгі таңда сараптау тобымен елорданың қазіргі экологиялық жай-күйі бағаланды, Астана қаласын дамыту бойынша стратегиялық құжаттар талданды және Астана қаласының жанар-жағармай энергетикалық және көлік саласындағы энергоресурсты тұтыну бойынша техникалық ақпарат базасын жинау жүргізілді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109