4116

Жұмыс берушілерді мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа көптеп алуға үндеді

Қалада еліміз бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші тіркелді 4,5%. Бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,4 пунктқа төмен.

Қалада жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде олар өз өзін жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, көпшілікті жұмыспен қамту бағыты және ол үшін жергілікті бюджет тарапынан мамандықтарға оқыту. Осы жылы «Атамекен» ҰКП бірлесіп қаламыздағы еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар тізімі түзілген.  Оларды оқыту білім және оқу комбинаттары базасында жүруде.

Әкімдікте өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған жиында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов, қала басшылығы тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Астанада 120 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Қалада еліміздегі жалғыз Әлеуметтік көмек орталығы қызмет етуде. Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі қамтамасыз етілген. Ол мекемелер арнайы пандустармен, мүгедектерге арналған көтергіштермен жабдықталған. Бүгінде қаладағы 774 әлеуметтік нысанның 568-і тиісті жабдықталған. Қаладағы жаяу жүргіншілер жолдарында арнайы дыбыс беруші бағдаршамдар орнатылған. Аула ішілік және саябақтарды абаттандырғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажерлерде қойылуда», - деді спикер.

Мәселе де жоқ емес. Мәселелер бизнес саласында. Осы күні ШОБ-ке қарасты 206 нысан тиісті пандустармен жабдықталуы керек.  

«Өкінішке қарай біздің бизнесмендермен өткізген кездесулеріміз еш нәтиже бермеді. Қазір сол нысандар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қалай қолайсыз болса, сол күйі қалып отыр», - деп кәсіпкерлерге СО мен ОСО-на мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіруіне жағдай жасауға үндеді.  

Сонымен қатар, ол мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алуға да үндеді. Жалпы қалада 24148 мүгедек жан бар, солардың 14 170-і жұмыс істеуге қабілетті. Ал факті бойынша 6 017 мүмкіндігі шектеулі жан ғана жұмыс жасауда - ол 42%. Бұл және жұмыс берушілерге жұмыскерлердің санына қарай 2-4 пайыз мүгедек жанды жұмысқа алуға квота бекітілгендегі нәтиже. Өзін-өзі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, көпшілікке жұмыс ұсыну бағдарлама бағыты бойынша әр мүмкіндігі шектеулі жанға жұмыс ұсынғаны үшін кәсіпкерге 300 мың теңге көлемінде субсидия беріледі.

«Құрметті кәсіпкерлер, сіздерге квота берілген, соған байланысты сіздер мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа алуға міндеттісіздер. Аталмыш квотаны орындамау жағдайында айыппұл қарастырылған. Біз айыппұл емес кәсіпкерлердің ар-ожданына сеніп отырмыз және жазасын өтеп келген жандарды да жұмысқа орналастыру мәселесі бар. Қазіргі таңда пробацияда 1579 адам тұр. Осы уақытқа дейін Жұмыспен қамту орталығы 152 адамды жұмысқа орналастырды. Жұмыскерлер санына қарай осы санаттағы жандарды 1 % шамасында жұмысқа алу квотасына қарамастан жұмыс жоқ. Сіздер білесіздер, оларды қоғамға бейімдеудегі басты бағыт - жұмыспен қамту. Өкінішке қарай, жұмыс берушілер осы жағын түсінбейді», - деп айтты спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109