4756

Елорда ұстаздарына латын әліпбиінің еміле ережесін түсіндіруге арналған семинар-тренинг өтті

Семинар-тренингті Тілдерді дамыту және архив ісі, Білім басқармалары және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі, Білім басқармалары және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп, «Латыннегізді әліпби және емле ережесі» тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке Астана қаласының мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Аталған іс-шарада жаңа емле ережесінің жобасы таныстырылып, кейбір дыбыстарға, шет тілінен енген сөздердің жазылуына қатысты пікірлер тыңдалып, сауалнама, сондай-ақ диктант жазу арқылы латын графикасын жазуда кездесетін кедергілерді анықтау жұмыстары жүргізілді.

«Латын әліпбиіне көшу «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы және сол бағдарлама аясында өткізіліп отыр. Қазір латын ғарпінің емле ережесінің жобасын дайындаған Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жоба үлгісін талқылауға салып жатыр. Осы мақсатта жалпы Астана қаласында медицина, білім салаларында және жалпы халықтық талдау үшін латын әліпбиі бойынша түсіндірме жұмыстары, ережесін талдауда үлкен жұмыстар жүріп жатыр», - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту жəне архив ісі басқармасының тілдерді дамыту, талдау жəне ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Нұрзила Қасқатаева.

Осындай семинар-тренинг 19 қазан күні мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар аудармашыларының қатысуымен өтеді. Негізінен халық арасында латын әліпбиінің емле ережесін түсіндіру жұмысын басқарма 10-шы қазан мен 19 қазан аралығында ақпараттық күндер жоспар негізінде атқаруда. Тіл мамандары баспа мамандарымен, газет, журнал корректорларымен кездесу өткізуді де жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғаса бермек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109